О внесении дополнения в постановление Правления Национального банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года № 379 "О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правления Национального банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года № 379 "О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 174
- Қабылданған күні
- 25.06.2007
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2012 AI34240_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004828_
- ЭКБ идентификаторы
- 34240
- Редакция идентификаторы
- AI34240_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:28
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын бұдан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2583 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2003 жылғы 13 желтоқсанда N 358-359 (24298-24299) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 1-4, 905-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 396 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3416 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 278 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3854 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 45 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4612 тіркелген) енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы "почта" деген сөзден кейін "және банктердің" деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне мәлімет үшін жіберсін.