О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года № 379 "О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 октября 2003 года № 379 "О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 238
- Қабылданған күні
- 24.09.2007
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2012 AI35680_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004978_
- ЭКБ идентификаторы
- 35680
- Редакция идентификаторы
- AI35680_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:03
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2583 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 1-4, 905-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 396 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3416 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін біріктіру туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 278 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3854 тіркелген), Агенттік Басқармасының«"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының" "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 45 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4612 тіркелген) және Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 174 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4828 тіркелген) енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-1-тармақ алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсететін бағалы, қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына жіберсін.
3 3) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
4 4) Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін
реттеу агенттігі
12 қазан 2007 жыл