Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2004 года N 371

Қаулы · № 261 · қабылданған 24.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2004-n-371/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2004 года N 371 Күшін жойған Қаулы ·№ 261 ·24.03.2005
28.08.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2004 года N 371

Күшін жойған Қаулы ·№ 261 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2004 года N 371
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
261
Қабылданған күні
24.03.2005
Көрсетілген редакция
28.08.2008 AI23261_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000261_
ЭКБ идентификаторы
23261
Редакция идентификаторы
AI23261_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:59

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. "Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 15, 195-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесiнде:
"жабық" деген сөз алынып тасталсын;
15-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"екiншi деңгейдегi банктің немесе Тапсырыс берушi анықтаған ұйымның ықтимал астық берушіге кепiлдiк беру ниетi туралы хаты. Мемлекеттік астық ресурстарына астық берудi ұсынатын ықтимал астық берушілер екiншi деңгейдегi банктің ықтимал астық берушiге банктiк кепiлдiк беру ниетi туралы хатын ұсынады. Кепiлдiк сомасы берілетін астық көлемiнiң құны және ол берiлмеген немесе толық берiлмеген жағдайда, тұрақсыздық айыбы мөлшерiнде анықталады;";
26-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы уәкілеттi органының облыстық аумақтық басқармасы берген өсiмдiк карантинi жөнiнде бақылау жүргізу туралы акт.".
N 1 қосымшада:
3.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.1. Осы шарттың тиiсінше орындалуын қамтамасыз ету үшін Жеткiзушi шартқа қол қойылған күннен бастап ____ банктік күн iшiнде Тапсырыс берушiге шарттың 2.2-тармақшасында көрсетiлген сомаға тең келетiн, сондай-ақ шарттың жалпы сомасының ___%-ы мөлшерiндегi тұрақсыздық айыбын қамтитын сомаға Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң төлем кепiлдiгiн немесе Тапсырыс берушi анықтаған ұйымның кепiлдігін (бұдан әрi - Кепiлдiк) ұсынады. (Мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткiзушiлер Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банкiнiң төлем кепiлдiгiн ұсынады).
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң осы тармақшада көрсетiлген сомаға төлем кепiлдiгі мына банктердiң
бiреуiнен: ________________________________________________________
свифт немесе телекс арқылы авизалануы тиiс.";
3.3-тармақтағы "Шарттың 3.1-тармақшасында көрсетілген сомаға кепiлдiк мына банктердiң бiреуiнен: _____________ свифт немесе телекс арқылы авизалануы тиiс." деген сөздер алынып тасталсын;
5.1-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте Жеткiзушi әрбiр жеткiзiлмеген астық тоннасы үшін Тапсырыс берушiге әрбiр жеткiзiлмеген астық тоннасы құнының ___%-ы мөлшерiнде айыппұлды қосымша төлеуге тиiс.".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қолданыстағы