О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2004 года N 470
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2004 года N 470
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 470 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1432
- Қабылданған күні
- 30.12.2004
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2015 AI22394_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040001432_
- ЭКБ идентификаторы
- 22394
- Редакция идентификаторы
- AI22394_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:17
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 470 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. "Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiнiң кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi N 470 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесiнде:
12-тармақтың 3) тармақшасының бесiншi абзацындағы "оның мүлкі" деген сөздерден кейiн "үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың 3) тармақшасының екiншi абзацындағы "меншiк құқығын және" деген сөздерден кейiн "үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың қатарына енгiзілген кезде қор қатысушының қаржылық жай-күйiн, қатысушының мүлкiне кепiл ауыртпалықтарының болуын, қатысушының паспорттық сыйымдылығын және астық қоймасының нақты жүктелу көлемiн, қатысушының астық қоймасында сақталатын астық иелерiнiң құрылымын, сондай-ақ қорға берілетiн кепiлдiк қамтамасыз етудiң болуын және сипаттамаларын ескере отырып анықталатын квота белгілейдi.".