О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2004 года № 238
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2004 года № 238
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 655
- Қабылданған күні
- 28.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2013 AI53364_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000655_
- ЭКБ идентификаторы
- 53364
- Редакция идентификаторы
- AI53364_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:54
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жеке тұлғалардың, тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуін мемлекеттік бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта:
«автокөлік құралдарын» деген сөздер «автомобиль» деген сөзбен ауыстырылсын;
«аумағындағы» деген сөзден кейін «стационарлық» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
тақырыбында:
«автокөлік құралдарын» деген сөздер «автомобиль» деген сөзбен ауыстырылсын;
«аумағындағы» деген сөзден кейін «стационарлық» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Қорғас Алматы облысы
Достық Алматы облысы
Қалжат Алматы облысы
Бақты Шығыс Қазақстан облысы
Майқапшағай Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Құрманғазы Атырау облысы
Тасқала Батыс Қазақстан облысы
Сырым Батыс Қазақстан облысы
Ақсай Батыс Қазақстан облысы
Әлімбет Ақтөбе облысы
Жайсан Ақтөбе облысы
Қайрақ Қостанай облысы
Ақбалшық Қостанай облысы
Жаңа Жол Солтүстік Қазақстан облысы
Қарақоға Солтүстік Қазақстан облысы
Қызыл Жар Солтүстік Қазақстан облысы
Үрлітөбе Павлодар облысы
Қосақ Павлодар облысы
Шарбақты Павлодар облысы
Ауыл Шығыс Қазақстан облысы
Үбе Шығыс Қазақстан облысы
Жезкент Шығыс Қазақстан облысы
екі жақты қатынас үшін ашық:
Жәнібек Батыс Қазақстан облысы
Орда Батыс Қазақстан облысы
Шаған Батыс Қазақстан облысы
Қарашатау Ақтөбе облысы
Қондыбай Қостанай облысы
Желқуар Қостанай облысы
Аят Қостанай облысы
Обаған Қостанай облысы
Бидайық Солтүстік Қазақстан облысы
Амангелді Павлодар облысы
Найза Павлодар облысы
Байтанат Шығыс Қазақстан облысы
Қоянбай Шығыс Қазақстан облысы
Құпия.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Тәжен Маңғыстау облысы
Жібек Жолы Оңтүстік Қазақстан облысы
Б. Қонысбаев Оңтүстік Қазақстан облысы
Қапланбек Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт Оңтүстік Қазақстан облысы
екі жақты қатынас үшін ашық:
Атамекен Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының Түрікменстанмен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшін ашық:
Темірбаба Маңғыстау облысы »;
2-тармақта: «аумағындағы» деген сөзден кейін «стационарлық» деген сөзбен ауыстырылсын.