Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 329 "Об утверждении Правил представления отчетности страховыми (перестраховочными) организациями и страховыми брокерами"

Қаулы · № 219 · қабылданған 23.09.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2004-no-329-ekb-30113/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 329 "Об утверждении Правил представления отчетности страховыми (перестраховочными) организациями и страховыми брокерами" Күшін жойған Қаулы ·№ 219 ·23.09.2006
03.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 329 "Об утверждении Правил представления отчетности страховыми (перестраховочными) организациями и страховыми брокерами"

Күшін жойған Қаулы ·№ 219 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 329 "Об утверждении Правил представления отчетности страховыми (перестраховочными) организациями и страховыми брокерами"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
219
Қабылданған күні
23.09.2006
Көрсетілген редакция
03.09.2010 AI30113_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004435_
ЭКБ идентификаторы
30113
Редакция идентификаторы
AI30113_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:51

0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

"Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3348 тіркелген) "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 16 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4044 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінде:
1-тармақтағы ""Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына" деген сөздерден кейін ", "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары" деген сөздерден кейін ", оның ішінде өзара сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның лицензиясынсыз осы ереженің 13, 16, 23 және 24-қосымшаларына сәйкес есептерді ай сайын, есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей береді.";
6-тармақтағы "4" деген саннан кейін ", 4-1-тармағына" деген сандармен және сөзбен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

Қолданыстағы