Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 330 "Об утверждении Правил представления отчетности юридическими лицами, осуществляющими деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами"

Қаулы · № 184 · қабылданған 05.08.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2004-no-330/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 330 "Об утверждении Правил представления отчетности юридическими лицами, осуществляющими деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами" Күшін жойған Қаулы ·№ 184 ·05.08.2009
22.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 330 "Об утверждении Правил представления отчетности юридическими лицами, осуществляющими деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами"

Күшін жойған Қаулы ·№ 184 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 330 "Об утверждении Правил представления отчетности юридическими лицами, осуществляющими деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
05.08.2009
Көрсетілген редакция
22.10.2014 AI47732_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005779_
ЭКБ идентификаторы
47732
Редакция идентификаторы
AI47732_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:35

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3329 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2005 жылғы, N 20, 186-бетте жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 119 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4258 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 330 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 63 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4658 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесінде:
1-тармақта:
7) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әр жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде – осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес есептік кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдай бойынша бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығындарды жабу үшін резервтерді (провизияларды) қалыптастыру туралы есеп;
9) зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әр жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде – осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес есептік кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің экономикалық қызмет түрлері бойынша шоғырлануы туралы есеп.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұйым есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының 18.00 уақытынан кешіктірмей ай сайын есептілікті электронды тасымалдағышта береді.
Ұйым есептік аптадан кейінгі аптаның үшінші жұмыс күні Астана қаласының 12.00 уақытынан кешіктірмей, аптаның екінші жұмыс күніндегі жағдай бойынша, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес апта сайын есептілікті электронды тасымалдағышта береді.";
2-1-тармақтағы "Ай сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
2-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әр апталық есептілік F5903205 Ақпаратты транспорттаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі бойынша беріледі.";
1-қосымшада:
реттік нөмірі 11.3.2-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11.3.2-1-жолмен толықтырылсын:
"
11.3.2-1
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың құн­сызда­нуы­нан бо­ла­тын ық­ти­мал шы­ғы­стар­ды жа­бу үшін ре­зерв­тер­ді (про­ви­зи­я­лар­ды) қал­пы­на кел­ті­ру­мен (қа­лып­та­сты­ру­мен) бай­ла­ны­сты кі­рі­стер (шы­ғы­стар)12
";
Ескерту мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Резерв айына бір рет оны қалыптастыру күніндегі күннің соңында көрсетіледі.";
2-қосымшада:
"1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздар" деген кестедегі "Жиынтық ағымдағы құн (теңгемен)5" деген бағанадағы "Жиынтық" деген сөз "Құнсыздануды ескеріп, жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулының 1 және 2-қосымшасына сәйкес редакциядағы 8 және 9-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбідрахманов):

1 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

4 4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.

5 5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

1 20__ жылғы "___" _______ жағдай бойынша Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығыстарды жабу үшін резервтерді (провизияларды) қалыптастыру туралы есеп _______________________________________________________________ (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қысқартылған атауы (ілік септікте), жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы (ілік септікте) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес____________________________________________

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы
N 184 қаулысына 1-қосымша
"Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлғалардың есеп беру
ережесіне 8-қосымша
20__ жылғы "___" _______ жағдай бойынша Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын ықтимал шығыстарды жабу үшін резервтерді (провизияларды) қалыптастыру туралы есеп _______________________________________________________________ (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қысқартылған атауы (ілік септікте), жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы (ілік септікте) немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес_______________________________________________________________ жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы (ілік септікте))
(теңге)
N
р/с
Ба­ға­лы қа­ға­з­дың тү­рі және оның эми­тен­ті­нің ата­уы
Ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жиын­тық ағым­да­ғы құ­ны (күн­нің со­ңын­да­ғы)
Ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар­дың) қа­жет­ті мөл­ше­рі (пай­ы­з­бен)
Ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар­дың) қа­жет­ті мөл­ше­рі [(4)*(5)]
Нақ­ты құ­ры­л­ған ре­зерв­тер (про­ви­зи­я­лар)
Құн­сызда­ну­ды ес­ке­ріп, ағым­да­ғы құ­ны [(4)-(7)]
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
"Стан­дарт­ты" ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың жік­теу са­на­ты
x
0%
1.1.
1.n.
2.
"Күм­ән­ді 1-са­нат­ты" ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың жік­теу са­на­ты
x
10%
2.1.
2.n.
3.
"Күм­ән­ді 2-са­нат­ты" ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың жік­теу са­на­ты
x
15%
3.1.
3.n.
4.
"Күм­ән­ді 3-са­нат­ты" ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың жік­теу са­на­ты
x
25%
4.1.
4.n.
5.
"Қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз" ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың жік­теу са­на­ты
x
50%
5.1.
5.n.
6.
Бар­лы­ғы
x
x
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға _____ күні ____
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға _____ күні ____
Орындаушы ________________ күні _______________
Телефон:  _____________________________________
Мөр орны".

2 20__ жылғы " ___" _______ жағдай бойынша Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің экономикалық қызмет түрлері бойынша шоғырлануы туралы есеп _______________________________________________________________ (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қысқартылған атауы (ілік септікте), жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы (ілік септікте)_______________________________________________________________ немесе (зейнетақы активте

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 5 тамыздағы
N 184 қаулысына 2-қосымша
"Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлғалардың есеп беру
ережесіне 9-қосымша
20__ жылғы " ___" _______ жағдай бойынша Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің экономикалық қызмет түрлері бойынша шоғырлануы туралы есеп _______________________________________________________________ (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қысқартылған атауы (ілік септікте), жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы (ілік септікте)_______________________________________________________________ немесе (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорының қысқартылған атауы (ілік септікте)
N
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша жік­теу
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын ре­зи­дент­те­рі­нің зей­не­та­қы ак­тив­те­рі (есеп­тел­ген сый­а­қы ес­ке­рі­ле оты­рып) есе­бі­нен са­тып алу­ға рұқ­сат еті­л­ген, оның ішін­де "Ке­рі Ре­по" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша (есеп­тел­ген сый­а­қы ес­ке­рі­л­ген) қар­жы құ­рал­да­ры­ның ба­лан­стық (ағым­да­ғы) құ­ны, мың тең­ге
Зей­не­та­қы ак­тив­те­рі­нің үле­сі, %
1
2
3
4
1.
Ауыл, ор­ман және ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы
2.
Кен өн­ді­ру өнер­к­ә­сі­бі және ка­рьер­лер­ді өң­деу
3.
Өң­деу өнер­к­ә­сі­бі
4.
Электр­мен қам­та­ма­сыз ету, газ, пар­ды бе­ру және ауа­ны кон­ди­ци­о­нер­ле­уі
5.
Су­мен қам­та­ма­сыз ету, кә­різ жүй­е­сі, қал­дық­тар­ды жи­нау мен бө­лі­сті­ру­ді ба­қы­лау
6.
Құ­ры­лыс
7.
Кө­тер­ме және бөл­шек са­уда, ав­то­мо­биль­дер мен мо­то­цик­л­дар­ды жөн­деу
8.
Кө­лік және қой­ма­ға жи­нау
9.
Тұ­ру және та­мақ­та­ну бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту
10.
Ақ­па­рат және бай­ла­ныс
11.
Қар­жы­лық және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті
11.1.
Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер
11.2.
Бас­қа қар­жы­лық ұй­ым­дар
12.
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­пен опе­ра­ци­я­лар
13.
Кә­сі­би, ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық қыз­мет
14.
Әкім­ші­лік және қо­сым­ша қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет
15.
Мем­ле­кет­тік бас­қа­ру және қор­ға­ныс, мін­дет­ті әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету
16.
Бі­лім бе­ру
17.
Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­лер
18.
Өнер, ой­ын-са­уық пен де­ма­лыс
19.
Бас­қа қыз­мет түр­ле­рін көр­се­ту
20.
Бұ­рын­ғы аумақ­тық ұй­ым­дар­дың және ор­ган­дар­дың қыз­ме­ті
21
Бар­лы­ғы зей­не­та­қы ак­тив­те­рі
Жиын­тығы
X
Бірінші басшы немесе
есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ____________________ күні ________
Бас бухгалтер немесе
есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ____________________ күні ________
Орындаушы _________________________ күні ____________
Телефон:  _________________________
Мөр орны".

Қолданыстағы