О внесении дополнения и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 334 "Об утверждении Правил представления отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 ноября 2004 года № 334 "Об утверждении Правил представления отчетности организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 334 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 09.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2015 AI26535_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004071_
- ЭКБ идентификаторы
- 26535
- Редакция идентификаторы
- AI26535_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:01
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 334 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 334 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3327 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесінде:
кіріспеде "Банк операцияларының" деген сөздердің алдынан "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясына ие (ипотекалық ұйымдарды және клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокерлерді және (немесе) дилерлерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "заемдар мен қаржы лизингі" деген сөздер "банк заемдары (бұдан әрі - заемдар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы "және ломбардтардан" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзац алынып тасталсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
1-қосымшада:
есептің атауындағы "және қаржы лизингі" деген сөздер алынып тасталсын;
"Кепіл үлгісі бойынша заемдар:" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
Жылжымайтын мүлік,
410
оның ішінде жер кепіліне
420
Кепілдіктер мен кепілдемелер,
430
оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепіліне
440
Бағалы қағаздар
450
Автокөлік
460
Салымдар
470
Басқа да қамтамасыз ету
480
Бланктік заемдар
490
Заемдардың жиынтығы
400
"Қаржы лизингі" деген кесте алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы 2006 жылы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
3 3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қола алсын;
2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.