Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ И.о. Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 сентября 2004 года № 400 "Об утверждении Правил проведения радиационного контроля таможенными органами на государственной границе Республики Казахстан"

Бұйрық · № 345 · қабылданған 07.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2004-no-400/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ И.о. Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 сентября 2004 года № 400 "Об утверждении Правил проведения радиационного контроля таможенными органами на государственной границе Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 345 ·07.09.2005
11.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ И.о. Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 сентября 2004 года № 400 "Об утверждении Правил проведения радиационного контроля таможенными органами на государственной границе Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 345 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ И.о. Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 27 сентября 2004 года № 400 "Об утверждении Правил проведения радиационного контроля таможенными органами на государственной границе Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
345
Қабылданған күні
07.09.2005
Көрсетілген редакция
11.07.2011 AI25396_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003862_
ЭКБ идентификаторы
25396
Редакция идентификаторы
AI25396_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:24

0 "Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 19-бабының 12-тармақшасына және 433-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 3116 болып тіркелген және 2004 жылғы 30 қазандағы № 44 (201) "Официальная газетада", Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. № 41-44, 1042-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауында және 1-тармақтағы "мемлекеттік шекарасында" деген сөздер "мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы бұйрықпен бекітілген Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
атауында және бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік шекарасында", "мемлекеттік шекарасы арқылы" деген сөздер "мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік шекара" деген сөздер "мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы "Иондаушы сәулеленудің жоғары деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі туралы мәліметтер" деген сөздер "Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы мәліметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Терең радиациялық тексеру нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің біреуі қабылданады:
1) тауарды жүкті жөнелтушіге қайтару туралы;
2) тауарды сараптамаға жіберу туралы;
3) тауарды мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу туралы.";
Ережеге 3-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары иондаушы сәулелену деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы өткізу туралы мәліметтер журналы".

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті аумақтық бөлімшелерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң күшіне енеді.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
Атом энергетикасы
комитетінің төрағасы
2005 жылғы 26 тамыз
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің төрағасы
2005 жылғы 5 қыркүйек

Қолданыстағы