Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2004 года № 470 "О некоторых вопросах системы гарантирования исполнения обязательств по зерновым распискам" и от 5 сентября 2007 года № 769 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по приемке, взвешиванию, сушке, очистке, хранению и отгрузке зерна"

Қаулы · № 213 · қабылданған 08.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2004-no-470-5-2007-no-769/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2004 года № 470 "О некоторых вопросах системы гарантирования исполнения обязательств по зерновым распискам" и от 5 сентября 2007 года № 769 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по приемке, взвешиванию, сушке, очистке, хранению и отгрузке зерна" Күшін жойған Қаулы ·№ 213 ·08.02.2012
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2004 года № 470 "О некоторых вопросах системы гарантирования исполнения обязательств по зерновым распискам" и от 5 сентября 2007 года № 769 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по приемке, взвешиванию, сушке, очистке, хранению и отгрузке зерна"

Күшін жойған Қаулы ·№ 213 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2004 года № 470 "О некоторых вопросах системы гарантирования исполнения обязательств по зерновым распискам" и от 5 сентября 2007 года № 769 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по приемке, взвешиванию, сушке, очистке, хранению и отгрузке зерна"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және "Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
213
Қабылданған күні
08.02.2012
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI63248_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000213
ЭКБ идентификаторы
63248
Редакция идентификаторы
AI63248_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:07

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және "Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 қыркүйектегі № 769 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде:
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қатысушы - астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын астық қабылдау кәсіпорны;";
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясының және астық қабылдау кәсіпорнын жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысында қарап тексеру актісінің болуы;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысқысы келетін астық қабылдау кәсіпорны осы Ереженің 13-тармағында көзделген талаптарға астық қабылдау кәсіпорнының сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп, Қорға жазбаша өтініш береді:
1) астық қабылдау кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
2) астық қабылдау кәсіпорны жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
3) құрылтайшылар құрамы туралы құрылтай шартынан үзінді (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірме немесе қорға өтініш берген күнге дейін бір ай бұрын тіркеуші берген құнды қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесіндегі құнды қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзіндінің түпнұсқасы;
4) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
5) астық қабылдау кәсіпорнының жаңа өнім астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан тексеру актісінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
6) астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органының заңнамада белгіленген үлгі бойынша анықтамалары;
7) соңғы қаржылық жылға қаржылық есептілікті құрайтын құжаттардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері, сондай-ақ бар болған кезде соңғы есептік кезеңге аралық қаржылық есептіліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері;
8) астық қабылдау кәсіпорнының өткен қаржылық жылға жылдық қаржылық есептілігінің дұрыстығын растайтын аудиторлық қорытындының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі (егер өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде берілген жағдайда, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жылға аудиторлық қорытындының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі ұсынылады);
9) астық қабылдау кәсіпорының өтініш берілген күннің алдындағы он екі ай ішінде астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы төлем мерзімі өткен берешегінің және олар берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін сотпен жауапқа тарту туралы, астық қабылдау кәсіпорнының басшысы мен бас бухгалтері қол қойған және астық қабылдау кәсіпорнының мөрімен расталған хабарландыру хаты;
10) астық қабылдау кәсіпорнының өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімде банкі алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтердің қолы қойылған, банкінің мөрі бар банкі анықтамасының түпнұсқасы (егер астық қабылдау кәсіпорны екінші деңгейдегі бірнеше банкінің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банкілердің әрқайсысынан ұсынылады);
11) өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан астам мерзім аралығында астық қабылдау кәсіпорнының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдарды төлеу бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрімен расталған тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесінде:
2-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қатысушы - астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын астық қабылдау кәсіпорны;";
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) астық қолхатының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі немесе кепілдік куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі (астық қолхатының кепілдік куәлігін ұстаушы өтінген жағдайда);";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Астық қолхатын ұстаушының астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қатысушының алдында берешегі болған жағдайларда кепілдік төлемінен көрсетілген қызметтер үшін қатысушының алдындағы берешектің сомасы шегеріледі.";

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.20 № 1635 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2. Осы қаулы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 ақпандағы
№ 213 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 769 қаулысымен
бекітілген
Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қолданыстағы