Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2004 года № 909 и от 14 апреля 2009 года № 513

Қаулы · № 191 · қабылданған 10.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2004-no-909-14-2009-no-513/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2004 года № 909 и от 14 апреля 2009 года № 513 Күшін жойған Қаулы ·№ 191 ·10.03.2010
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2004 года № 909 и от 14 апреля 2009 года № 513

Күшін жойған Қаулы ·№ 191 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2004 года № 909 и от 14 апреля 2009 года № 513
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 және 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
191
Қабылданған күні
10.03.2010
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI51190_4.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000191_
ЭКБ идентификаторы
51190
Редакция идентификаторы
AI51190_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:49

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 және 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 513 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Байланыс саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 429-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерінде:
бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде (бұдан әрі - ҚР ОПТЖ) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары (бұдан әрі - ҚХБО) жүзеге асырады.
ҚХБО қызметі уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған тиісті лицензиялармен анықталады.
ҚХБО-ны айқындау жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдер:»;
1, 2, 3, 4, 7 және 8-тармақтарда «қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары», «қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы», «калааралық және халықаралық байланыс операторының», «қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын», «қалааралық және халықаралық байланыс операторын», «қалааралық және халықаралық байланыс операторларының» деген сөздер «ҚХБО» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
4-тармақта:
2) тармақшадағы «не осы желінің негізгі элементтерін құру қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесін берген сәтте бекітілген және іске асырылған оператордың телекоммуникация желілерін салу және (немесе) жаңғырту жоспарларына кіреді» деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдары мен желілерін, оның ішінде көліктік желілерді және шет елдердің байланыс операторларының телекоммуникация желілерімен көліктік желілердің тоғысу нүктелерін жобалау, салу байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады. ҚХБОТЖ құрамындағы көліктік телекоммуникация желілері өзінің байланыс жолдары базасында жер бетіндегі және жер серіктік тарату жолдары бойынша ұйымдастырылады;»;
5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың магистральдық байланыс жолдарын басқаруына және пайдалануына тыйым салу бөлігінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу бойынша біліктілік талаптары мен өлшемдеріне қосымшада:
бүкіл мәтін бойынша «, ҚаБОТЖ, ХаБОТЖ», «, ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ», «, ҚаБОТЖ-дың және ХаБОТЖ-дың,» және «ҚаБОТЖ және ХаБОТЖ-да», «ҚаБОТЖ-ды және ХаБОТЖ-ды» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақта:
«қалааралық және халықаралық байланыс операторының, сондай-ақ ҚР ОПТЖ халықаралық байланыс операторының» деген сөздер «ҚХБО» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«ХКО басқа» деген сөздерден кейінгі «операторлардың» деген сөз «ҚХБО» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 N 1620 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы