О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 августа 2005 года N 320 "Об установлении перечня документов, подлежащих хранению, сроках их хранения в банках второго уровня"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 августа 2005 года N 320 "Об установлении перечня документов, подлежащих хранению, сроках их хранения в банках второго уровня"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 208
- Қабылданған күні
- 16.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2016 AI35065_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004931_
- ЭКБ идентификаторы
- 35065
- Редакция идентификаторы
- AI35065_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:19
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3841 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
85.
Заемшылардың - заңды
тұлғалардың кредиттік досьелері
10 жыл*
10 жыл*
*шарт бойынша
барлық міндет-
темелерді орын-
дағаннан кейін
және оның қол-
данылу мерзімі
аяқталғаннан
кейін
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 85-1 жолмен толықтырылсын:
"
85-1.
Заемшылардың - жеке
тұлғалардың кредиттік досьелері
10 жыл*
10 жыл*
*шарт бойынша
барлық міндет-
темелерді орын-
дағаннан кейін
және оның қол-
данылу мерзімі
аяқталғаннан
кейін
";
реттік нөмірі 236-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
236.
Салымшылардың шоттары бой-
ынша құжаттар (хат жазысу,
шарттар, салым кітапшалары,
салымшылардың өсиеттері
және сенімхаттары, салымшы-
ның қол қою үлгісі, шот
ашуға өтініш)
тұрақты
тұрақты
".
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Банктерді қадағалау департаменті (Р.Е. Раева):
1 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4 4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағаттар комитеті
Төраға
2007 жылғы 17 тамыз
_____________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төраға
2007 жылғы 16 тамыз
______________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)