О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 августа 2005 года N 320 "Об установлении перечня документов, подлежащих хранению, сроках их хранения в банках второго уровня"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 августа 2005 года N 320 "Об установлении перечня документов, подлежащих хранению, сроках их хранения в банках второго уровня"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 208
- Қабылданған күні
- 16.07.2007
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2016 AI35065_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004931_
- ЭКБ идентификаторы
- 35065
- Редакция идентификаторы
- AI35065_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:19
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 320 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3841 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
85.
Заемшылардың - заңды
тұлғалардың кредиттік досьелері
10 жыл*
10 жыл*
*шарт бойынша
барлық міндет-
темелерді орын-
дағаннан кейін
және оның қол-
данылу мерзімі
аяқталғаннан
кейін
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 85-1 жолмен толықтырылсын:
"
85-1.
Заемшылардың - жеке
тұлғалардың кредиттік досьелері
10 жыл*
10 жыл*
*шарт бойынша
барлық міндет-
темелерді орын-
дағаннан кейін
және оның қол-
данылу мерзімі
аяқталғаннан
кейін
";
реттік нөмірі 236-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
236.
Салымшылардың шоттары бой-
ынша құжаттар (хат жазысу,
шарттар, салым кітапшалары,
салымшылардың өсиеттері
және сенімхаттары, салымшы-
ның қол қою үлгісі, шот
ашуға өтініш)
тұрақты
тұрақты
".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (Р.Е. Раева):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағаттар комитеті
Төраға
2007 жылғы 17 тамыз
_____________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төраға
2007 жылғы 16 тамыз
______________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)