О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 27 июня 2006 года № 212 "Об оказании инвалидам дополнительных видов социальной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 27 июня 2006 года № 212 "Об оказании инвалидам дополнительных видов социальной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 11.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2022 77994_599582.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14N0004492
- ЭКБ идентификаторы
- 77994
- Редакция идентификаторы
- 77994_599582
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:55
0 Әкімдіктің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының екінші абзацы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3550 болып тіркелген, 2006 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" және 2006 жылғы 25 шілдеде "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының екінші абзацы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
"2-1. Кресло-арбаларды алу үшін мүгедектер мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндіні;
3) жұмыс беруші–жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болғандар үшін – жазатайым оқиға туралы актінiң көшiрмесiн және жұмыс берушiнiң–жеке кәсіпкердің қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.
Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.".