Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года № 225 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами"

Қаулы · № 17 · қабылданған 26.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2006-no-225-ekb-44682/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года № 225 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами" Күшін жойған Қаулы ·№ 17 ·26.01.2009
05.08.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года № 225 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами"

Күшін жойған Қаулы ·№ 17 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года № 225 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
26.01.2009
Көрсетілген редакция
05.08.2009 AI44682_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005571_
ЭКБ идентификаторы
44682
Редакция идентификаторы
AI44682_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:56

0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4773 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 80 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5252 тіркелген, N 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 116 қаулыларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5328 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ашық валюталық позиция - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын (талаптарды) міндеттемелерді зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда күшейтуі;
2) әртараптандыру - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін Қазақстан Республикасы заңнамасында рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;
3) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарығындағы талаптар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
4) бэк-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есепте жасалған операцияларды тіркеу, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;
5) бэк-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
6) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
7) гэп - сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерісіне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтеуге жататын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыз тәуекелін және өтімділікті жоғалту тәуекелін өлшеу әдістері;
8) елдің (трансферт) тәуекелі - шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы міндеттемелері бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауап беру ниетінің болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
9) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның валюталық нетто-позициясы - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позициясының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияның жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;
10) инвестициялық декларация - активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан кем емес данамен таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған инвестициялау объектілерінің тізбесін, мақсатын, стратегияларын, шарттарын және зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
11) қор биржасы - Қазақстан Республикасының аумағында қызмет жасайтын қор биржасы;
12) қор тәуекелі - акциялардың нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарығының талаптары өзгерген жағдайда туындайтын акциялар құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
13) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде негізгі борышты және (немесе) кредиторға (инвесторға) тиесілі сыйақыны заемшының (эмитенттің) төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Сондай-ақ кредиттік тәуекелге серіктестің своптар, опциондар бойынша және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;
14) құқықтық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры тәжірибесінің олардың ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасы резидент еместеріне қатысты басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
15) қысқа валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позициясы, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты талаптарды) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
16) нарықтық тәуекел - қаржы нарығының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдің көздері болып табылады. Нарықтық тәуекел проценттік, валюталық және қор тәуекелдерінің сомасы ретінде сипатталады;
17) операциялық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Операция тәуекеліне сондай-ақ операция (компьютер) жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;
18) өтімділікті жоғалту тәуекелі - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өз міндеттемелерін орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретіндегі өтімділігінің тәуекелі олардың төмен шығыстарымен және қолайлы бағалары бойынша тез сатылу қабілеттілігімен айқындалады;
19) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілі белгіленген борыштық бағалы қағаздар;
20) проценттік тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оның ішінде:
орналастырған активтер (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері кезінде) өтеу мерзімдерінің сәйкес келмеуімен байланысты жалпы проценттік тәуекел;
өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бір қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу және түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты ерекше проценттік тәуекел;
21) "stop-loss" - лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
22) стресс-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне төтенше, бірақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлуетті әсер етуін өлшеу әдістері;
23) тәуекелдерді басқару жүйесі - бұл процеске төрт негізгі элемент кіреді: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі;
24) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
25) ұзақ валюталық позиция - бұл жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
26) фронт-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлімшесі;
27) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
28) хеджирлеу - жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі хеджирлеу объектісінің әділ құны өзгеруінің ішінара немесе толық өтемі үшін хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын немесе бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес олармен байланысты ақша түсімдерін пайдалану;
29) хеджирлеу құралдары - қаржы құралдары, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын туынды қаржы құралдары.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке қордың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін мыналарда көрсетілген:
1-1 -қосымшада - консервативті инвестициялық портфельге қатысты;
1-2-қосымшада - орташа инвестициялық портфельге қатысты;
1-3-қосымшада- агрессивті инвестициялық портфельге қатысты қаржы құралдарына орналастырады.
1-1, 1-2, 1-3-қосымшаларда көрсетілген зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері, сондай-ақ инвестициялық портфельдің әр түрі үшін инвестициялардың жиынтық мөлшері әр инвестициялық портфель бойынша қордың инвестициялық декларацияларында белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялардың жалпы мөлшері ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен 2009 жылғы 1 сәуірден бастап жиырма пайызынан кем еместі құрайды.
Ұйым (Қор) зейнетақы активтері құрамына кіретін ақшаны "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен жиырма пайызынан кем емеске жеткенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялайды.
4-2. "Кері Репо" операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жалпы мөлшері 2009 жылғы 1 қазаннан бастап әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен отыз пайыздан кем еместі құрайды.";
6-тармақтың бірінші абзацындағы "Ұйымның" деген сөз "Зейнетақы активтері мен меншікті активтері есебінен жасалатын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бірінші сөйлем "Зейнетақы" деген сөзден кейін "және меншікті" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Ұйым (Қор) зейнетақы және меншікті активтерін қатыстырумен жасайтын "кері репо" операцияларының мәні болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары табылады."
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін шығарылымның талаптарында көзделген мерзімде орындамаған жағдайда, Ұйым (Қор) осындай міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен бастап зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен осы бағалы қағаздарды сатып алу бойынша, оның ішінде "кері репо" операциясын жасау жолымен инвестициялық шешім қабылдауға құқығы жоқ.";
1-қосымшада:
1 -тармақ:
2-1.
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:
"
2-1.
"Са­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
";
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар, мы­на ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған:
Ха­лы­қа­ра­лық қай­та құ­ру және да­му бан­кі;
Еуро­па қай­та құ­ру және да­му бан­кі;
Аме­ри­ка ара­лық да­му бан­кі;
Ха­лы­қа­ра­лық есеп-ай­ы­ры­су бан­кі;
Азия да­му бан­кі;
Аф­ри­ка да­му бан­кі;
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы кор­по­ра­ци­я­сы;
Ис­лам да­му бан­кі;
Еуро­па ин­ве­сти­ци­я­лық бан­кі;
Еура­зи­я­лық да­му бан­кі
";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1, 1-2, 1-3 қосымшалармен толықтырылсын.

2

2. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз алтыншы қырық бірінші аралығындағы және елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

4 4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

0 Консервативті инвестициялық портфельдің зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 17 қаулысына қосымша
"Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесіне 1-1-қосымша
Консервативті инвестициялық портфельдің зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі
N
Қар­жы құ­рал­да­ры­ның ата­уы
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған­дар­ды қо­са ал­ған­да), сон­дай-ақ мем­ле­кет ке­пі­лі­мен шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген об­ли­га­ци­я­лар.
3.
Ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі са­лым­дар.
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар мы­на­дай та­лап­тар­дың бі­ріне сәй­кес кел­ген жағ­дай­да:
1) банк­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық шәкіл бой­ын­ша "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВ-" тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар неме­се "Standard & Poor's" ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ-" тө­мен емес рей­тинг ба­ға­сы бар бол­са;
2) банк­тер "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "А-" тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент емес са­бақ­тас банк­тің ен­ші­лес ре­зи­дент банк­те­рі бо­лып та­был­са;
3) банк­тер қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­рын­да­ғы бі­рін­ші са­нат­қа ен­гі­зі­л­ген эми­тент банк­тер бо­лып та­был­са.
6.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар, мы­на ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған:
Ха­лы­қа­ра­лық қай­та құ­ру және да­му бан­кі;
Еуро­па қай­та құ­ру және да­му бан­кі;
Аме­ри­ка ара­лық да­му бан­кі;
Ха­лы­қа­ра­лық есеп-ай­ы­ры­су бан­кі;
Азия да­му бан­кі;
Аф­ри­ка да­му бан­кі;
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы кор­по­ра­ци­я­сы;
Ис­лам да­му бан­кі;
Еуро­па ин­ве­сти­ци­я­лық бан­кі;
Еура­зи­я­лық да­му бан­кі.
7.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "А-"-тен тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
8.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "А-"-тен тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар ше­тел ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры:
1) "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "ВВ-" ден тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар неме­се "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ-" тө­мен емес рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
2) қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мін­де­гі "бі­рін­ші са­нат­ша­ның рей­тинг ба­ға­сы жоқ бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар" са­нат­ша­сы­на ен­гі­зі­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
10.
Лон­дон­ның қым­бат ме­тал­дар ры­но­гы қа­уым­да­стығы (London bullion market association) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дар­ты­на сәй­кес ке­ле­тін және "Лон­дон­дық са­па­лы жет­кі­зу" стан­дар­ты ре­т­ін­де ("London good delivery") осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да бел­гі­лен­ген та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар және он екі ай­дан астам емес мер­зім­ге са­лын­ған ме­талл де­по­зит­те­рі, оның ішін­де "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "АА" ден тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент емес банк­те­рін­де­гі.
11.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "АА-" тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­ті­гі­нің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің қол­ма-қол ше­тел ва­лю­та­сы.

1 Орташа инвестициялық портфельдің зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесіне
1-2-қосымша
Орташа инвестициялық портфельдің зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

1 1. Ұйым (Қор) жеке әр Қордың орташа инвестициялық портфельінің инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін орналастыруларына болатын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар

N
Қар­жы құ­рал­да­ры­ның ата­уы
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған­дар­ды қо­са ал­ған­да), сон­дай-ақ мем­ле­кет ке­пі­лі­мен шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген об­ли­га­ци­я­лар.
3.
Ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі са­лым­дар.
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар мы­на­дай та­лап­тар­дың бі­ріне сәй­кес кел­ген жағ­дай­да:
1) банк­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық шәкіл бой­ын­ша "Standard & Poor's"
агент­ті­гі­нің "ВВ-" тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі
неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар неме­се "Standard & Poor's" ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ- " тө­мен емес рей­тинг ба­ға­сы бар бол­са;
2) банк­тер "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "А-" тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент емес са­бақ­тас банк­тің ен­ші­лес ре­зи­дент банк­те­рі бо­лып та­был­са;
3) банк­тер қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­рын­да­ғы бі­рін­ші са­нат­қа ен­гі­зі­л­ген эми­тент банк­тер бо­лып та­был­са.
6.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар, мы­на ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған:
Ха­лы­қа­ра­лық қай­та құ­ру және да­му бан­кі;
Еуро­па қай­та құ­ру және да­му бан­кі;
Аме­ри­ка ара­лық да­му бан­кі;
Ха­лы­қа­ра­лық есеп-ай­ы­ры­су бан­кі;
Азия да­му бан­кі;
Аф­ри­ка да­му бан­кі;
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы кор­по­ра­ци­я­сы;
Ис­лам да­му бан­кі;
Еуро­па ин­ве­сти­ци­я­лық бан­кі;
Еура­зи­я­лық да­му бан­кі.
7.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
8.
Ше­тел ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-"-тен тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-"-тен тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар ше­тел эми­тент­те­рі­нің ак­ци­я­ла­ры;
қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­ры­ның бі­рін­ші са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ре­зи­ден­ті бо­лып та­бы­ла­тын ше­тел ұй­ым­да­ры­ның ак­ци­я­ла­ры.
9.
"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "ВВВm-"-тен тө­мен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "ВВВf-" тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік ба­ға­сы бар ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың пай­ла­ры.
10.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
1) "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "ВВ-"ден тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар неме­се "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ-"-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар ұй­ым­дар­дың ак­ци­я­ла­ры;
2) қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­ры­ның бі­рін­ші неме­се екін­ші са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген ұй­ым­дар­дың ак­ци­я­ла­ры;
3) "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі "В-" тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар неме­се "Standard & Poor's" ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВ-" тө­мен емес рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
4) қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мін­де­гі "рей­тинг ба­ға­сы жоқ бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар" са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның ин­фра­құ­ры­лым­дық об­ли­га­ци­я­ла­ры;
6) бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес құ­ры­л­ған заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры­ның пай­ла­ры.
11.
Лон­дон­ның қым­бат ме­тал­дар ры­но­гы қа­уым­да­стығы (London bullion market association) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дар­ты­на сәй­кес ке­ле­тін және "Лон­дон­дық са­па­лы жет­кі­зу" стан­дар­ты ре­т­ін­де ("London good delivery") осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да бел­гі­лен­ген та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар және 12 ай­дан астам емес мер­зім­ге ме­талл де­по­зит­те­рі, оның ішін­де, "Standard & Poor's агент­ті­гі­нің" "АА" дан тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент емес банк­тер­де­гі.
12.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар шы­ғар­ған Principal protected notes және олар бой­ын­ша негіз­гі бо­рыш со­ма­сын то­лық қай­та­ру жө­нін­де­гі эми­тент­тің ке­піл­де­ме­сі бел­гі­лен­ген.
13.
Де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар осы тіз­бе­де көр­се­ті­л­ген ба­за­лық ак­тив­те­рі ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар, ба­за­лық ак­тив­те­рі бо­лып зей­не­та­қы ак­тив­те­рі есе­бі­нен са­тып алу­ға рұқ­сат еті­л­ген қар­жы құ­рал­да­ры та­бы­ла­тын фью­черстер, оп­ци­он­дар, своптар, фор­вард­тар; ше­тел ва­лю­та­сы; мы­на­дай есеп ай­ы­ры­су көр­сет­кіш­те­рі (ин­дек­с­тер):
1. МІ­СЕХ (Mosckow Interbank Currency Exchange Index);
2. DAX (Deutscher Aktienindex);
3. CAC40 (Compagndesie Agentsde Change 40 Index);
4. NIК­КЕІ - 225 (NIК­КЕІ - 225 Index);
5. ТО­РІХ (Tokyo Price Index);
6. HSI (Hang Seng Index);
7. ЕИХТ 100 (Euronext 100);
8. RTSI (Russian Trade System Index);
9. DJIA (Dow Jones Industrial Average);
10. S&P 500 (Standardand & Poor's 500 Index);
11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);
12. KASE (Kazahstan Stock Exchange);
13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
14.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­ті­гі­нің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ел­дер­дің және ти­іс­ті рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ ел­дер­дің ше­тел ва­лю­та­сын­да­ғы қол­ма-қол ва­лю­та­сы.

2 2. Мынадай қаржы құралдарына салынатын инвестициялардың жиынтық көлемі орташа инвестициялық портфельдің зейнетақы активтерінің 5%-нан аспауы тиіс:

1.
Ин­фра­құ­ры­лым­дық об­ли­га­ци­я­лар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мін­де­гі "екін­ші ша­ғын са­на­ты­ның рей­тинг­тік ба­ға­сы жоқ бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар" ша­ғын са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
2.
Бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес құ­ры­л­ған заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры­ның пай­ла­ры.
3.
Ба­за­лық ак­тив­те­рі бо­лып "Standard & Poor's агент­ті­гі­нің" ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "ВВ-" тө­мен рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар қар­жы құ­рал­да­ры та­бы­ла­тын фью­черстер, оп­ци­он­дар, своптар, фор­вард­тар.

2 Агрессивті инвестициялық портфельдің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесіне 1-3-қосымша
Агрессивті инвестициялық портфельдің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі
N
Қар­жы құ­рал­да­ры­ның ата­уы
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі шы­ғар­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры (бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес эмис­си­я­лан­ған­дар­ды қо­са ал­ған­да), сон­дай-ақ мем­ле­кет ке­пі­лі­мен шы­ғар­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры шы­ғар­ған, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген об­ли­га­ци­я­лар.
3.
Ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі са­лым­дар.
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рін­де­гі са­лым­дар мы­на­дай та­лап­тар­дың бі­ріне сәй­кес кел­ген жағ­дай­да:
1) банк­тер­дің ха­лы­қа­ра­лық шәкіл бой­ын­ша "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВ-" тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар неме­се "Standard & Poor's" ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ-" тө­мен емес рей­тинг ба­ға­сы бар бол­са;
2) банк­тер "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "А-" тө­мен емес ұзақ мер­зім­ді кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент емес са­бақ­тас банк­тің ен­ші­лес ре­зи­дент банк­те­рі бо­лып та­был­са;
3) банк­тер қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­рын­да­ғы бі­рін­ші са­нат­қа ен­гі­зі­л­ген эми­тент банк­тер бо­лып та­был­са.
6.
Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар, мы­на ха­лы­қа­ра­лық қар­жы ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған:
Ха­лы­қа­ра­лық қай­та құ­ру және да­му бан­кі;
Еуро­па қай­та құ­ру және да­му бан­кі;
Аме­ри­ка ара­лық да­му бан­кі;
Ха­лы­қа­ра­лық есеп-ай­ы­ры­су бан­кі;
Азия да­му бан­кі;
Аф­ри­ка да­му бан­кі;
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы кор­по­ра­ци­я­сы;
Ис­лам да­му бан­кі;
Еуро­па ин­ве­сти­ци­я­лық бан­кі;
Еура­зи­я­лық да­му бан­кі.
7.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" тө­мен емес тәу­ел­сіз рей­тин­гі бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар шет мем­ле­кет­тер­дің ор­та­лық үкі­мет­те­рі шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік мәр­те­бе­сі бар ба­ға­лы қа­ға­з­дар.
8.
Ше­тел ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
1) "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" ден тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
2) "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВВ-" ден тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар ше­тел эми­тент­те­рі­нің ак­ци­я­ла­ры;
3) қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­ры­ның бі­рін­ші са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ре­зи­ден­ті бо­лып та­бы­ла­тын ше­тел ұй­ым­да­ры­ның ак­ци­я­ла­ры.
9.
"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "ВВВm-"-тен тө­мен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "ВВВf-" тө­мен емес ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік ба­ға­сы бар ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың пай­ла­ры.
10.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және бас­қа мем­ле­кет­тер­дің заң­на­ма­сы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұй­ым­да­ры шы­ғар­ған мем­ле­кет­тік емес ба­ға­лы қа­ға­з­дар:
1) "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "ВВ-"ден тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар неме­се "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ-"-тен тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар ұй­ым­дар­дың ак­ци­я­ла­ры;
2) қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мі­нің "ак­ци­я­лар" сек­то­ры­ның бі­рін­ші, екін­ші неме­се үшін­ші са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген ұй­ым­дар­дың ак­ци­я­ла­ры;
3) "Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі "В-" тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар неме­се "Standard & Poor's" ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВ-" тө­мен емес рей­тин­гі бар бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
4) қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­мін­де­гі "рей­тинг ба­ға­сы жоқ бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар" са­на­ты­на ен­гі­зі­л­ген бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар;
5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның ин­фра­құ­ры­лым­дық об­ли­га­ци­я­ла­ры;
6) бас­қа­ру­шы ком­па­ни­я­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес құ­ры­л­ған заң­ды тұл­ға бо­лып та­бы­ла­тын, қор бир­жа­сы­ның ре­сми ті­зі­міне ен­гі­зі­л­ген ара­лық ин­ве­сти­ци­я­лық пай қор­ла­ры­ның пай­ла­ры.
11.
Лон­дон­ның қым­бат ме­тал­дар ры­но­гы қа­уым­да­стығы (London bullion market association) қа­был­да­ған ха­лы­қа­ра­лық са­па стан­дар­ты­на сәй­кес ке­ле­тін және "Лон­дон­дық са­па­лы жет­кі­зу" стан­дар­ты ре­т­ін­де ("London good delivery") осы қа­уым­да­стық­тың құ­жат­та­рын­да бел­гі­лен­ген та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар және 12 ай­дан астам емес мер­зім­ге ме­талл де­по­зит­те­рі, оның ішін­де, "Standard & Poor's агент­ті­гі­нің" "АА" дан тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар ре­зи­дент емес банк­тер­де­гі.
12.
"Standard & Poor's" агент­ті­гі­нің "ВВ-" тө­мен емес рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг­тік агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осын­дай дең­гей­де­гі рей­тин­гі бар ұй­ым­дар шы­ғар­ған Principal protected notes және олар бой­ын­ша негіз­гі бо­рыш со­ма­сын то­лық қай­та­ру жө­нін­де­гі эми­тент­тің ке­піл­де­ме­сі бел­гі­лен­ген.
13.
Де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар осы тіз­бе­де көр­се­ті­л­ген ба­за­лық ак­тив­те­рі ак­ци­я­лар бо­лып та­бы­ла­тын де­по­зи­тар­лық қол­хат­тар, ба­за­лық ак­тив­те­рі бо­лып зей­не­та­қы ак­тив­те­рі есе­бі­нен са­тып алу­ға рұқ­сат еті­л­ген қар­жы құ­рал­да­ры та­бы­ла­тын фью­черстер, оп­ци­он­дар, своптар, фор­вард­тар; ше­тел ва­лю­та­сы; мы­на­дай есеп ай­ы­ры­су көр­сет­кіш­те­рі (ин­дек­с­тер):
1. МІ­СЕХ (Mosckow Interbank Currency Exchange Index);
2. DAX (Deutscher Aktienindex);
3. CAC40 (Compagndesie Agentsde Change 40 Index);
4. NIК­КЕІ - 225 (NIК­КЕІ - 225 Index);
5. ТО­РІХ (Tokyo Price Index);
6. HSI (Hang Seng Index);
7. ЕИХТ 100 (Euronext 100);
8. RTSI (Russian Trade System Index);
9. DJIA (Dow Jones Industrial Average);
10. S&P 500 (Standardand & Poor's 500 Index);
11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);
12. KASE (Kazahstan Stock Exchange);
13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index)
14.
Ба­за­лық ак­тив­те­рі бо­лып "Standard & Poor's агент­ті­гі­нің" ха­лы­қа­ра­лық шәкі­лі бой­ын­ша "ВВ-" тө­мен рей­тинг­тік ба­ға­сы бар неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар қар­жы құ­рал­да­ры та­бы­ла­тын фью­черстер, оп­ци­он­дар, своптар, фор­вард­тар.
15.

Қолданыстағы