О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года № 225 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 октября 2006 года № 225 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 27.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2009 AI45171_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005619_
- ЭКБ идентификаторы
- 45171
- Редакция идентификаторы
- AI45171_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:39
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4773 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 80 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5252 тіркелген, N 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 116 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5328 тіркелген), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5571 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже):
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. ұйымға (Қорға) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы мәмілелерді және осы Ереженің 6-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы және меншікті активтері есебінен аффилиирленген тұлғалармен, ұйымның (Қордың) ірі акционерлері иеленетін акциялардың сенімгерлік басқарушыларымен және Ұйымның (Қордың) ірі акционерлері иеленетін акциялардың сенімгерлік басқарушыларының аффилиирленген тұлғаларымен қаржы құралдарын сатып алу және/немесе иелігінен шығару бойынша мәмілелерді жасасуға тыйым салынады.";
1-қосымшада:
1-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:
"
9-1.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, "Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не қор биржасының "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" ресми тізіміне енгізілген, мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары:
шығарылған бағалы қағаздар және/немесе басқа міндеттемелер бойынша жылжымайтын мүлік қоры міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;
жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің жетпіс бес пайызынан аспайтынын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;
жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбаған;
жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлік басқаруға өткізілген;
жалға беру шартымен белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі бір жылдан кем еместі құрауы тиіс;
жылжымайтын мүлік қорының активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі
";
2-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
"
4.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары
".