О внесении изменения и дополнения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 июня 2006 года № 37 "Об утверждении Инструкции об организации прокурорского надзора за законностью судебных актов по гражданским делам"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 июня 2006 года № 37 "Об утверждении Инструкции об организации прокурорского надзора за законностью судебных актов по гражданским делам"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтық істері бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы № 37 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 16.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2010 AI41911_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005334_
- ЭКБ идентификаторы
- 41911
- Редакция идентификаторы
- AI41911_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:52
0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтық істері бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18-баптарына сәйкес, Бұйырамын:
1
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4295 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Прокурорлар осы тармақтың бірінші абзацында атап көрсетілген істер санатына қатысы жоқ азаматтық істерге прокуратура басшысының нұсқауы бойынша қатысады";
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Прокурорлардың талаптары мен арыздары бойынша қозғалған істерге қай бөлімшенің бастамасы бойынша іс қозғалса, соның қызметкерлері бірінші сатыдағы сотта прокуратураның өкілдері ретінде қатысуды қамтамасыз етеді. Прокуратура органдары мен мекемелері жауапкер ретінде қатысатын істер бойынша жауапкердің өкілі ретінде қатысушы кандидатураларды тиісті прокуратуралар мен мекемелердің басшылары анықтайды.
Мұндай істерді қарау кезінде сот жарыссөзінен кейін жалпы істің мән-жайы бойынша прокурордың қорытындысы талап етілмейді.
Процесте бәсекелестікті қамтамасыз ету және апелляциялық мерзім ішінде аталған санаттағы істер бойынша заңсыз сот шешімдеріне шағымдану мен наразылық келтіру жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.".