О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2006 года № 38 "Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2006 года № 38 "Об утверждении Правил о минимальных резервных требованиях"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83
- Қабылданған күні
- 22.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2015 AI60607_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007194
- ЭКБ идентификаторы
- 60607
- Редакция идентификаторы
- AI60607_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:55
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережеде:
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банк ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) сәйкес мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) электрондық тасымалдағышта Ұлттық Банкке ұсынады.
11. Мәліметтерді:
1) филиалының саны оннан аспайтын банк, күн сайын (бұдан әрі - күн сайынғы мәліметтер) - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда); ай сайын (бұдан әрі - ай сайынғы мәліметтер) - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) он және одан көп филиалы бар банк күн сайынғы мәліметтерді - есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бір мезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерін қоспағанда) және ай сайынғы мәліметтерді - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Банк банктің бірінші басшысы не оның орнындағы тұлға және бас бухгалтері қол қойған, банктің мөрімен куәландырылған ең төменгі резервтік талаптардың орындалуы туралы ақпаратты қағаз тасымалдауышта банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі бесінші күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күні айдың бірінші немесе соңғы жұмыс күніне сәйкес келген жағдайда, банк ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпаратты банктің резервтік активтерді қалыптастыруының есепті кезеңінің соңғы күнінен кейінгі күнтізбелік жетінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Банк Ережеге сәйкес талап етілетін ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған не шынайы емес ақпарат ұсынған, сондай-ақ осы Ереженің өзге талаптарын орындамаған жағдайда, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банкке шектеулі ықпал ету шараларын немесе санкциялар қолданады.»;
1, 2 және 3-қосымшалар осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттiгi
Төраға______________Ә.Смайылов
2011 жылғы 23 тамыз
3 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 83 қаулысына
1-қосымша
«Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
1-қосымшасы
Банктiң iшкi мiндеттемелерi
Баланстық шот
Көрсеткiштiң атауы
2014
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары
2034
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді заемдар
2036
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді заемдар
2038
Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған заемдар бойынша мерзімі өткен берешек
2064
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi заемдар
2066
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi заемдар
2067
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi
2068
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2201
Мемлекеттік бюджеттің ақшасы
2202
Кастодиан банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттардағы инвестицияланбаған қалдықтар
2203
Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары
2204
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары
2205
Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары
2206
Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2207
Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2208
Жеке тұлғалардың шартты салымдары
2209
Жеке тұлғалардың карт-шоттары
2210
Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері
2211
Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары
2212
Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары
2213
Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2215
Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2216
Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары
2217
Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2219
Заңды тұлғалардың шартты салымдары
2221
Заңды тұлғалардың карт-шоттары
2223
Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2224
Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2225
Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек
2226
Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2227
Алынған қаржы лизингi
2228
Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар
2230
Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2232
Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2237
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты
2240
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2552
Клиенттермен есеп айырысу
2701
Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар
2703
Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар
2706
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар
2717
Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
2718
Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар
2719
Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2720
Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар
2721
Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар
2723
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2726
Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар
2727
Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар
2731
Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар
2741
Алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2742
Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2743
Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2745
Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
2746
Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2747
Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2748
Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2749
Басқа да мерзiмi өткен сыйақы
2755
Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар
2855
Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар
2891
Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер
2892
Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер
2893
Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер
2894
Спот операциялары бойынша мiндеттемелер
2895
Своп операциялары бойынша мiндеттемелер
2899
Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер
»
4 Банктiң резидент еместер алдындағы өзге мiндеттемелерi
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 83 қаулысына
2-қосымша
«Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
2-қосымшасы
Банктiң резидент еместер алдындағы өзге мiндеттемелерi
Баланстық шот
Көрсеткіштің атауы
2012
Шетелдiк орталық банктердiң корреспонденттiк шоттары
2013
Басқа банктердiң корреспонденттiк шоттары
2014
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттары
2016
Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары
2022
Шетелдiк орталық банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары
2023
Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары
2024
Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешегi
2044
Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi заемдар
2046
Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi заемдар
2048
Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған заемдар бойынша мерзiмi өткен берешек
2052
Шетелдiк орталық банктерден алынған заемдар
2054
Басқа банктерден алынған қысқа мерзiмдi заемдар
2056
Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi заемдар
2057
Басқа банктерден алынған қаржы лизингi
2058
Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2064
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi заемдар
2066
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi заемдар
2067
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi
2068
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2122
Шетелдiк орталық банктердiң мерзiмдi салымдары
2123
Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр айға дейiнгi)
2124
Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр жылға дейiнгi)
2125
Басқа банктерден бiр түнге тартылған салымдар
2126
Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары
2127
Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары
2130
Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым
2131
Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2133
Басқа банктердiң шартты салымдары
2135
Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2138
Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2203
Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары
2204
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары
2205
Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары
2206
Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2207
Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2208
Жеке тұлғалардың шартты салымдары
2209
Жеке тұлғалардың карт-шоттары
2210
Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері
2211
Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары
2212
Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары
2213
Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2215
Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2216
Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары
2217
Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2219
Заңды тұлғалардың шартты салымдары
2221
Заңды тұлғалардың карт-шоттары
2222
Арнайы мақсаттағы еншiлес ұйымдардың салымдары
2223
Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
2224
Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2225
Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек
2226
Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2227
Алынған қаржы лизингi
2228
Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар
2230
Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек
2231
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2232
Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек
2237
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты
2240
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2551
Басқа банктермен есеп айырысу
2552
Клиенттермен есеп айырысу
2701
Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар
2702
Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар
2704
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар
2705
Басқа банктерден алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
2706
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар
2708
Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
2712
Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар
2713
Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2714
Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2717
Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар
2718
Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар
2719
Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар
2720
Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар
2721
Клиенттердiң мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар
2722
Еншiлес ұйымдардың арнайы мақсаттағы салымдары бойынша есептелген шығыстар
2723
Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар
2726
Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар
2727
Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар
2731
Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар
2741
Алынған заемдар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2742
Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2743
Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2745
Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар
2746
Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2747
Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2748
Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы
2749
Басқа да мерзiмi өткен сыйақы
2755
Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар
2855
Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар
2891
Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер
2892
Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер
2893
Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер
2894
Спот операциялары бойынша мiндеттемелер
2895
Своп операциялары бойынша мiндеттемелер
2899
Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер
»
5 Банктiң өзге мiндеттемелерi
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 83 қаулысына
3-қосымша
«Ең төменгі резервтік
талаптар туралы ереженің
3-қосымшасы
Банктiң өзге мiндеттемелерi
Баланстық шот
Көрсеткіштің атауы
2301
Айналысқа шығарылған облигациялар
2303
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар
2306
Сатып алынған облигациялар
2730
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар
2744
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы
»