О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года N 1301
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года N 1301
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 607
- Қабылданған күні
- 24.06.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2015 AI40144_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080000607_
- ЭКБ идентификаторы
- 40144
- Редакция идентификаторы
- AI40144_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:15
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Мемлекеттік сатып алу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
103-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) отандық тауар өндірушілер деп Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және бөлшектерінің (материалдарының) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (жиналмайтын) пайдалануға (қолдануға) дайын тауар өндіретін және/немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген әрі тұтынуға (қолдануға) дайын және осы конкурста сатып алынатын тауарды шығаратын заңды және жеке тұлғалар түсініледі;".