О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 ноября 2007 года № 1137 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по производству, переработке, приобретению, хранению, реализации, использованию, уничтожению ядов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 ноября 2007 года № 1137 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по производству, переработке, приобретению, хранению, реализации, использованию, уничтожению ядов"
- Атауы (қаз.)
- "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 782
- Қабылданған күні
- 12.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2013 AI66023_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000782
- ЭКБ идентификаторы
- 66023
- Редакция идентификаторы
- AI66023_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:02
0 "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 520-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн еткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 782 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 қарашадағы
№ 1137 қаулысымен
бекітілген
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1 1. Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1 1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база:
технологиялық желі;
сынақ зертханасы;
мамандандырылған өндірістік ғимарат;
арнайы жабдықталған қойма;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
2 2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламент;
3 3) мыналарды:
жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
4
4) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;
5 5) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
6 6) арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдары;
7 7) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал аварияларды жою жоспары;
8 8) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.
2 2. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1 1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база:
сынақ зертханасы;
арнайы өндірістік ғимарат;
өндірістің техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылық;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
3 3) мыналарды:
жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
3
3) тиісті арнайы білімі мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;
4 4) күзет қызметіне арналған лицензия немесе күзетуге өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың көшірмесі;
5 5) арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдары;
6 6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал аварияларды жою жоспары;
7 7) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.
3 3. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1 1) жеке меншік құқығында уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
2 2) мыналарды:
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
3
3) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;