Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301

Қаулы · № 280 · қабылданған 02.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2007-no-1301-ekb-51514/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301 Күшін жойған Қаулы ·№ 280 ·02.04.2010
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301

Күшін жойған Қаулы ·№ 280 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
280
Қабылданған күні
02.04.2010
Көрсетілген редакция
28.12.2015 AI51514_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000280_
ЭКБ идентификаторы
51514
Редакция идентификаторы
AI51514_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:37

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
19-тармақтың 4) тармақшасында «және» деген сөзден кейін «оны бекітуге ұсынуы» деген сөздермен толықтырылсын, «бекітуі» деген сөз алынып тасталсын;
22-тармақтың 7) тармақшасында «барлық өлшемдердің сипаттамасы» деген сөздер «өлшемдер» деген сөзбен ауыстырылсын;
45-тармақта «тиіс, конкурстық» деген сөздер «тиіс. Конкурстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
96-тармақта «(қосалқы мердігердің)» деген сөздер алынып тасталсын;
102-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«102-1. Қазақстандық мазмұнның болуын қарастыру кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын қазақстандық мазмұнның әрбір пайызы үшін нөл бүтін оннан бір (0,1) пайызға азайтады.
Тауарда қазақстандық мазмұнның болуы CT-KZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
Тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға шартты түрде азайтады.
Тауарларды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушінің қазақстандық мазмұны жалпы еңбекақы төлеу қорынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу құнының және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген жалпы сомадан тікелей де, қосалқы мердігер шарттарын жасасу арқылы да тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті қайта өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық мазмұнның үлесі (үлестері) құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.»;
115-тармақта «мемлекеттік сараптамадан» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген ведомстволық сараптамадан» деген сөздермен толықтырылсын;
117-тармақ алынып тасталсын;
149-тармақтың бірінші абзацында «оның» деген сөзден кейін «осы Ереженің 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген» деген сөздермен толықтырылсын;
162-тармақта «талап» деген сөзден кейін «баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып aлу қорытындысы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«205. Электрондық мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесіне сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер беру арқылы жүзеге асырылады.»;
206 және 207-тармақтар алынып тасталсын;
324-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу осы Ережеде көзделген дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне не Заңда және осы Ережеде көзделген өзге де тәсілдерге де сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 327-1-тармақпен толықтырылсын:
«327-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін міндетті шарттар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.»;
Ережеге 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Ережеге 3-қосымшада:
26-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
27-тармақтың үшінші абзацында «әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкіліне» деген сөздер «әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
«49-1. Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.»;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымша мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры»*
Р/с

Қыз­мет­кер­лер­дің Т.А.Ә. (же­ке ку­ә­лік № және бе­рі­л­ген кү­ні көр­се­тіл­сін)
Ла­у­а­зы­мы
Аза­мат­тығы
Мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шар­тты орын­дау уа­қы­тын­да­ғы жа­ла­қы­сы
1
2
3
Жал­пы ең­бе­ка­қы тө­леу қо­ры
ҚР аза­мат­та­ры­ның ең­бе­ка­қы­сы­ның бар­лы­ғы
*толтырмауға болады;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымша мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу қоры»*
Р/с

Қыз­мет­кер­лер­дің Т.А.Ә. (же­ке ку­ә­лік № және бе­рі­л­ген кү­ні көр­се­тіл­сін)
Ла­у­а­зы­мы
Аза­мат­тығы
Мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шар­тты орын­дау уа­қы­тын­да­ғы жа­ла­қы­сы
1
2
3
Жал­пы ең­бе­ка­қы тө­леу қо­ры
ҚР аза­мат­та­ры­ның ең­бе­ка­қы­сы­ның бар­лы­ғы
* толтырмауға болады;
Ережеге 4-қосымша мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:
«53-1. Отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.»;
Ережеге 5-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Отандық жұмыстарды берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт алдын ала ақы төлеу және жұмыстарды жүзеге асырғаны үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.»;
47-тармақта «Ұсталған сома» деген сөздер «Ақшалай өтемақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
48-тармақтың бірінші абзацында:
«жақсы сапада және» деген сөздер алынып тасталсын;
«материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын» деген сөздер «материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін куәландыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
61-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл жағдайда Тапсырыс беруші кемінде бір жұмыс күні бұрын Мердігерді жұмыстардың басталған күнін және орнын көрсете отырып, мұндай жұмыстардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етуге міндетті.».

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 сәуірдегі
№ 280 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары
Жалпы мәліметтер
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің БСН
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің СТН
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер үшін
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы
Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы (орыс ті­лін­де)
Қар­жы жы­лы
ММ ко­ды
Қор
1
2
3
4
5
5
7
Мемлекеттік сатып алу жоспары

Жос­пар тар­ма­ғы­ның тү­рі
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер үшін
Та­у­ар­дың, жұ­мыстың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ко­ды (ЭҚ­ТӨЖ сәй­кес)
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі
Бағ­дар­ла­ма
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
Ерекше­лік
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі
1
2
3
4
5
6
7
8
Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы (мем­ле­кет­тік тіл­де)
Са­тып алы­на­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы (орыс ті­лін­де)
Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (су­рет­те­луі) (мем­ле­кет­тік тіл­де)
Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы (су­рет­те­луі)(орыс ті­лін­де)
Са­тып алу тә­сі­лі
Са­тып алу мәні­нің тү­рі
Өл­шем бір­лі­гі (БӨЖС сәй­кес)
Са­ны, кө­ле­мі
9
10
11
12
13
14
15
16
Бір бір­лі­гі үшін ба­ға, тең­ге
Са­тып алу үшін бе­кі­ті­л­ген со­ма, тең­ге
Үш жыл­дық ке­зең­нің екін­ші жы­лы­на ар­нал­ған бо­лжам­ды со­ма, тең­ге
Үш жыл­дық ке­зең­нің үшін­ші жы­лы­на ар­нал­ған бо­лжам­ды со­ма, тең­ге
Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру­дың жос­пар­лан­ған мер­зі­мі (ай)
Та­у­ар­лар­ды, орын­да­ла­тын жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу мер­зі­мі
Та­у­ар­лар­ды, орын­да­ла­тын жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу ор­ны (ӘА­ОС сәй­кес ел­ді ме­кен­нің ко­ды)
Аван­стық тө­лем мөл­ше­рі, %
17
18
19
20
21
22
23
24

Қолданыстағы