Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок"

Қаулы · № 329 · қабылданған 13.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2007-no-1301-ekb-64098/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок" Күшін жойған Қаулы ·№ 329 ·13.03.2012
28.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок"

Күшін жойған Қаулы ·№ 329 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
329
Қабылданған күні
13.03.2012
Көрсетілген редакция
28.12.2015 AI64098_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000329
ЭКБ идентификаторы
64098
Редакция идентификаторы
AI64098_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:50

0 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:
«9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген бөлімде:
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы 305-1 және 305-2-тармақтармен толықтырылсын:
«305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1 1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;

2 2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.

305-2. Бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия, егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде осы Ереженің 305-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.»;
306-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.»;

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы