О внесении дополнений и изменений в приказы и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2007 года № 223-п "Об утверждении Правил пребывания лиц и членов их семей, ходатайствующих о признании их оралманами, в Центре временного размещения" и от 27 сентября 2007 года № 225-п "Об утверждении Правил временного пребывания оралманов и членов их семей в центре адаптации и интеграции оралманов и оказания им адаптационных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в приказы и.о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2007 года № 223-п "Об утверждении Правил пребывания лиц и членов их семей, ходатайствующих о признании их оралманами, в Центре временного размещения" и от 27 сентября 2007 года № 225-п "Об утверждении Правил временного пребывания оралманов и членов их семей в центре адаптации и интеграции оралманов и оказания им адаптационных услуг"
- Атауы (қаз.)
- "Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 27 қыркүйектегі 1223-ө және "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-ө бұйрықтарына толықтырулар мен
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 275-ө
- Қабылданған күні
- 12.08.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2014 AI54450_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006456_
- ЭКБ идентификаторы
- 54450
- Редакция идентификаторы
- AI54450_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:34
0
"Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 27 қыркүйектегі 1223-ө және "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-ө бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жағдай тудыратын нормаларды болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1
1) «Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 223-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4963 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2007 ж., қыркүйек-қазанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесінде:
10-тармақтың бірінші абзацында «үш күн» сөздері «үш жұмыс күні» сөздерімен ауыстырылсын;
2 2)
3 3) тармақшада «уәкілетті орган бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
13-тармақта:
1 1) тармақшадағы «оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне» деген сөздер алып тасталсын;
2 2) тармақшадағы «Орталыққа орналасқан оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін» деген сөздер «өтініш берушілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3) тармақшадағы «оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін Орталыққа келу» деген сөздер «өтініш берушілердің Орталықта болуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
15 «15. Өтініш берушілер Орталықта болу тәртібін бұзған жағдайда, Орталық жолдама берген уәкілетті органға олардың Орталықта болу мерзімін уақытынан бұрын тоқтату туралы ұсыныс береді.»;
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шешім оралман отбасына немесе оның жеке отбасы мүшесіне қатысты шығарылады.»;
17 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
17 «17. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта болуы оларға бейімдеу қызметтерін алғанға дейін, бірақ қоныстанған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.»;
мемлекеттік тілдегі мәтіннің 4-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
4 «4. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықтан шығу тәртібі»;
18 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
18 «18. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері берілген орынжайды бейімдеу қызметтері аяқталған күннен және орынжайды босату туралы Орталық әкімшілігінен хабарлама алған күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей босатады.»;
1-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтіннің жоғарғы оң бұрышына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
төмендегі сол жақ бұрышындағы:
«басқармасының бастығы» деген сөздер «департаментінің директоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қаласы» сөзі «республикалық маңызы бар қала, астана» сөздерімен ауыстырылсын;
2-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтіннің жоғарғы оң бұрышына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
«басқармасының бастығына» деген сөздер «департаментінің директорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қаласы» сөзі «республикалық маңызы бар қала, астана» сөздерімен ауыстырылсын;
3-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтіннің жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
«бейімдеу қызметтерін көрсету» деген сөздер алып тасталсын.