Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление от 27 декабря 2007 года № 385 "Об установлении охранной зоны Западно-Алтайского государственного природного заповедника на территории Восточно-Казахстанской области"

Қаулы · № 214 · қабылданған 10.09.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2007-no-385/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление от 27 декабря 2007 года № 385 "Об установлении охранной зоны Западно-Алтайского государственного природного заповедника на территории Восточно-Казахстанской области" Қолданыста Қаулы ·№ 214 ·10.09.2012
10.09.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление от 27 декабря 2007 года № 385 "Об установлении охранной зоны Западно-Алтайского государственного природного заповедника на территории Восточно-Казахстанской области"

Қолданыста Қаулы ·№ 214 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление от 27 декабря 2007 года № 385 "Об установлении охранной зоны Западно-Алтайского государственного природного заповедника на территории Восточно-Казахстанской области"
Атауы (қаз.)
"Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
214
Қабылданған күні
10.09.2012
Көрсетілген редакция
10.09.2012 67849_129971.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12V0002687
ЭКБ идентификаторы
67849
Редакция идентификаторы
67849_129971
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:23

0 "Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы" 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қорғау аймағын белгілеу жобаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2472, 2008 жылғы 16 ақпанда № 21-22 (15931) «Дидар», № 25-26 (18459) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы
аумақтық инспекциясы бастығының
міндетін атқарушы                          Е. Упобаев
2012 жылғы 04 қыркүйек

3 Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 214 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 385 қаулысына 1 қосымша
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағының
көлемдері мен шекаралары

1 1. Қорғау аймағының жалпы аумағы – 22475 гектар, оның ішінде Риддер қаласының жерлерінде – 14318 гектар, Зырян ауданының жерлерінде – 8157 гектар.

2

2. Риддер қаласының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі - Қорық) солтүстік – батыс шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 10218 гектар, шаруа қожалықтарына тиісті – 520,4 гектар, жеке қосалқы шаруашылықтарға тиісті – 1,3 гектар, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесіне («Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясы шекарасы» А-9 автожолы) тиісті – 101,3 гектар, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пихта орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 3102 гектар, қосалқы жерлерге тиісті – 375 гектар жерлер кіреді.

3

3. Зырян ауданының жерлерінде қорғау аймағы ені екі шақырымнан кем емес, жаппай жолақ түрінде Қорықтың оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан. Қорғау аймағына Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 610 гектар, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Зырян орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті – 7547 гектар жерлер кіреді.

Қолданыстағы