О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2007 года № 534 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по перевозке опасных грузов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2007 года № 534 "Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по перевозке опасных грузов"
- Атауы (қаз.)
- "Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1567
- Қабылданған күні
- 21.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2012 AI62177_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001567
- ЭКБ идентификаторы
- 62177
- Редакция идентификаторы
- AI62177_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:42
0 "Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 534 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2007 ж., № 21, 241-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшысы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
3 Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1567 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 27 шілдедегі
№ 534 қаулысымен
бекітілген
Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1 1) теңiз және өзен көлiгiмен:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар жүзбелi көлiк құралының жинақталған кеме экипажының;
қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi жүзбелi көлiк құралдарының;
жүзбелi көлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн растайтын кеме қатынасы тiркелiмi немесе бiлiктiлiк қоғамы қорытындысының;
көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды;
2 2) автомобиль көлiгiмен:
қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған меншiк құқығындағы, жалдау шарты немесе сенiмхат негiзiндегi автокөлiк құралдарының;
көлiк құралының жүргiзушiсiнде тиiстi санаттағы жүргiзушi ретiнде кемiнде 3 жыл үзiлiссiз жұмыс өтiлiнiң;
жүргiзушiнi қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң;
автокөлiк құралын қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң;
көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.