Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении дополнений в Соглашение между государствами – членами Шанхайской организации сотрудничества о проведении совместных военных учений от 27 июня 2007 года

Заң · № 366-VI · қабылданған 12.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2007/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении дополнений в Соглашение между государствами – членами Шанхайской организации сотрудничества о проведении совместных военных учений от 27 июня 2007 года Қолданыста Заң ·№ 366-VI ·12.10.2020
12.10.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении дополнений в Соглашение между государствами – членами Шанхайской организации сотрудничества о проведении совместных военных учений от 27 июня 2007 года

Қолданыста Заң ·№ 366-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении дополнений в Соглашение между государствами – членами Шанхайской организации сотрудничества о проведении совместных военных учений от 27 июня 2007 года
Атауы (қаз.)
2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
366-VI
Қабылданған күні
12.10.2020
Көрсетілген редакция
12.10.2020 147354_490593.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000366
ЭКБ идентификаторы
147354
Редакция идентификаторы
147354_490593
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:20

0 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу

туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 29 сәуірде Бішкекте жасалған хаттама ратификациялансын.

1 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі - ШЫҰ) мүше мемлекеттер
2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімді (бұдан ірі - Келісім) іске асыру тетігін жетілдіру қажеттігін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісім мынадай редакциядағы 27-1-баппен толықтырылсын:
"27-1-бап
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болып табылатын кез келген мемлекеттің оған қосылуы үшін ашық.
Қосылған мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Депозитарий Тараптарды қосылған мемлекетке қатысты осы Келісімнің күшіне енген күні туралы хабардар етеді.".

2 2-бап

Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
Келісім депозитарийі Тараптарға осы Хаттаманың куәландырылған көшірмелерін оған қол қойылған күннен бастап 15 күн ішінде жібереді.
2019 жылғы 29 сәуірде Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Қытай Халық Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Тәжікстан Республикасы үшін
Өзбекстан Республикасы үшін
Осы құжат 2007 жылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманың (Бішкек қаласы, 2019 жылғы 29 сәуір) теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Осы құжаттың төлнұсқа данасы ШЫҰ Хатшылығында сақталады.
Осы мәтін 2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасына сәйкес аударылды.

Қолданыстағы