О внесении изменений в решение акима Байторысайского сельского округа от 27 ноября 2008 года № 1 «О присвоении названий улицам населенных пунктов Байторысайского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Байторысайского сельского округа от 27 ноября 2008 года № 1 «О присвоении названий улицам населенных пунктов Байторысайского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Байторысай селолық округі әкімінің «Байторысай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 13.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2015 88503_9697.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CHA04298
- ЭКБ идентификаторы
- 88503
- Редакция идентификаторы
- 88503_9697
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:08
0 Байторысай селолық округі әкімінің
«Байторысай селолық округіне
қарасты елді мекендерінің
көшелеріне атау беру туралы»
2008 жылғы 27 қарашадағы
№ 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Байторысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Байторысай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 «Байторысай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-63 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда «Мәртөк тынысы» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында «селолық», «округіне қарасты» сөздері «ауылдық», «округінің» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі атауында «названий» сөзі «наименования» сөзімен ауыстырылсын;
кіріспесіндегі «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» деген сөздері алынып тасталсын;
шешімнің 1, 2, 3, 4 тармақтары біріктірілсін және мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Байторысай ауылдық округінің елді мекендер көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Байторысай ауылында - Бөкенбай батыр, Торанғұл, Бірінші Мамыр, А. Құнанбаев, М. Оспанов, Тың, Жеңіс, Набережная, Ардагер, Желтоқсан;
Полтавка ауылында - Есет Көкіұлы, А.Г. Батурин, Жастар;
Дмитриевка ауылында - Достық, Бейбітшілік;
Покровка ауылында - Д.М. Кузьменко, Ә. Молдағұлова, Жеңіс, Есет батыр, Құлақбай».