О реализации постановления акимата Северо-Казахстанской области от 27 марта 2008 года № 73 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 30 декабря 2007 года № 506 «О квоте иммиграции оралманов на 2008 год» и постановления Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 137 «О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации постановления акимата Северо-Казахстанской области от 27 марта 2008 года № 73 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 30 декабря 2007 года № 506 «О квоте иммиграции оралманов на 2008 год» и постановления Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 137 «О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год»
- Атауы (қаз.)
- «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 137 қаулысын және «2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы №506 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы №73 қаулысын іске асыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 30.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2008 40350_354224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SC000066
- ЭКБ идентификаторы
- 40350
- Редакция идентификаторы
- 40350_354224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:22
0
«Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 137 қаулысын және «2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы №506 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы №73 қаулысын іске асыру туралы
«Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 137 қаулысын және «2008 жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы №506 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы №73 қаулысын орындауды оралмандар отбасыларын ұйымдастыра қабылдау және орналастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Оралмаңдардың 2008 жылға көшіп келуінің жалпы саны 40 отбасына белгіленген квотасы 1 қосымшаға сәйкес селолық округтер бойынша бөлінсін.
2 2. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық штабының құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық ішкі істер бөлімнің көші-қон полициясының тобы, Солтүстік Қазақстаң облысы Әділет Департаментінің Айыртау ауданының әділет басқармасы (келісім бойынша) келген оралмандардың «құжаттарын бір көзден» принципі бойынша қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз етсін.
4 4. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
жергілікті атқарушы органдармен оралмандарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік мәселелерді шешу жөнінде өзара іс-әрекет етуді;
оралмандарды жаңа кәсіптерге кәсіби даярлауды және оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
5 5. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
мектеп жасындағы оралмандардың балаларын толығымен оқуға алу және қажет кезінде аудан интернатына орналастыру бойынша шаралар қолдансын;
әрқашан бастауыш және орта кәсіби білім оқу орындарында оралмандардың балаларын тарту бойынша, кәсібибағдарламалык жұмыс жүргізсін;
оралмандардың балалары үшін мемлекеттік және орыс тілдерін үйренуге қажетті жағдайлар жасасын, оқулықтармен және басқа да көрнекі құралдармен, материалдармен және жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етсін.
6 6. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Айыртау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына көшіп келген мамандармен медициналық көмектің кепілденген тегін көлемін алуын қамтамасыз етсін.
7 7. Селолық округ әкімдері:
Оралмандарды қабылдауды, орналастыруды қамтамасыз етсін, орналасқан жерлеріне олардың бейімделуі үшін жағдай жасасың;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасу, біліктілігін арттыру және жаңа кәсіпті игеру, жер учаскелерін беру туралы мәселелерін қатаң бақылауға алсын;
оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық штабты 2009 жыл 10 қаңтарға осы қаулының орындалуы туралы хабардар етсін.
8 8. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық штаб кезеңді түрде селолық округ әкімдерінің, аудандық ұйымдар басшыларының оралмандарды қабылдау және орналастыру мәселелері жөніндегі ақпараттарын тыңдап тұрсын.
9 9. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Айыртау таңы» және «Айыртауские зори» газеттердің редакциялары оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыс туралы материалдарды хабардар етсін.
10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Ахметжановқа жүктелсін.
11 11. Осы қаулы бірініні ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
12 Ауданның селолық округтері бойынша 2008 жылға оралмандар отбасыларын бөлу
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
қаулысына 1 қосымша
«30» мамыр 2008 жылы
№ 138
Ауданның селолық округтері бойынша 2008 жылға оралмандар отбасыларын бөлу
№ п-п
Селолық округ атаулары
Ресей
Өзбекстан
Манғолия
Барлығы
1
Антоновка
2
1
3
2
Арықбалық
1
1
2
3
Володар
1
1
2
4
Гусаковка
1
2
3
5
Елецкий
2
1
3
6
Жетікөл
1
1
2
7
Имантау
1
1
2
8
Казанка
1
1
2
9
Қамсақты
2
2
4
10
Қаратал
1
2
3
И
Константиновка
2
2
4
12
Лобанов
1
1
2
13
Нижнебурлук
1
2
3
14
Сырымбет
2
1
3
15
Украин
1
1
2
Барлығы:
20
20
40
13 Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
қаулысына 2 қосымша
«30» мамыр 2008 жылы
№ 138
Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Ахметов Самат Қайыржанұлы - комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары;
Күшенов Мұратбек Оралбекұлы - комиссия төрағасының орынбасары, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Құдайбергенова Раш Ертайқызы - комиссияның хатшысы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Васильев Владимир Георгиевич - «Айыртауские зори» газетінің редакторы (келісім бойынша);
Жаныбайұлы Даулет - «Жылжымайтын мүлік» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны Айыртаулық филиалының бастығы;
Жанапин Едрес Жазитұлы - «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жер катынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы;
Микрух Вера Дмитриевна - Айыртаудың зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша);
Рахметов Құрбан Төтеуұлы - Айыртау ауданының істер бөлімінің көші-қон полициясы тобының бастығы (келісім бойынша)
Сабитов Жанат Қажыбайұлы - «Айыртау таңы» газетінің редакторы (келісім бойынша);
Сәдуақасова Сауле Сапабекқызы - «Солтустік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері;
Тілепбаев Мереке Алдабергенұлы - «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Тілеубаева Раушан Раимжанқызы - «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы;
Өмірзақов Бақытжан Арапұлы - Солтүстік Қазақстан облысының әділет Департаменті Айыртау ауданының әділет Басқармасы бастығы (келісім бойынша)