О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 115 "Об утверждении формы заявления и перечня документов, представляемых организацией, управляющей имущественными правами на коллективной основе, для прохождения аккредитации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 115 "Об утверждении формы заявления и перечня документов, представляемых организацией, управляющей имущественными правами на коллективной основе, для прохождения аккредитации"
- Атауы (қаз.)
- "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 375
- Қабылданған күні
- 09.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2013 AI76179_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008951
- ЭКБ идентификаторы
- 76179
- Редакция идентификаторы
- AI76179_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:39
0 "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тапсырылатын құжаттарды қысқарту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5761 тіркелген, 2009 жылғы 25 қыркүйекте № 146 (1569) «Заң газетінде» және 2009 жылғы № 10 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды:
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
8 Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2013 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 375 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2009 жылғы 27 тамыздағы № 115
бұйрығымен бекітілді
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне:
1 1) өтініш;
2 2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі электрондық құжат нысанында;
3 3) ұйымның мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын шетелдік ұйымдармен жасасқан екіжақты және көпжақты келісімдерінің көшірмелері электрондық құжат нысанында;
4 4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
5 5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
6 6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдісіне қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
7 7) зияткерлік меншік құқығы саласындағы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жұмысын тексеру туралы соңғы екі жылдағы мәліметтері электрондық құжаттың көшірмесі нысанында;
8 8) авторлық құқық және сабақтас құқық объектілері құқық иелерінің қызметті алушыға қатысты пікірі электрондық құжаттың көшірмесі нысанында;
9 9) осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер.
«электрондық үкімет» веб-порталында:
1 1) электрондық цифрлық қол (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық нысаны ретінде сұрау;
2 2) аккредиттеуден өту туралы жалпы жиналыс шешімі электрондық құжат нысанында;
3 3) ұйымның мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын шетелдік ұйымдармен жасасқан екіжақты және көпжақты келісімдерінің көшірмелері электрондық құжат нысанында;
4 4) жалпы жиналыстың сыйақы мөлшеріне қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
5 5) жалпы жиналыстың пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу талаптарына қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
6 6) жалпы жиналыстың жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдісіне қатысты шешімі электрондық құжат нысанында;
7 7) зияткерлік меншік құқығы саласындағы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның жұмысын тексеру туралы соңғы екі жылдағы мәліметтері электрондық құжаттың көшірмесі нысанында;
8 8) авторлық құқық және сабақтас құқық объектілері құқық иелерінің қызметті алушыға қатысты пікірі электрондық құжаттың көшірмесі нысанында;
9 9) осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер.
27 Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер
Мүліктік құқықтарды
ұжымдық негізде басқаратын
ұйым аккредиттеуден өту үшін
ұсынатын құжаттар тізбесіне
қосымша
нысан
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын мәліметтер