Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 1251 "Об утверждении Правил разработки прогноза социально-экономического развития"

Қаулы · № 88 · қабылданған 05.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2009-no-1251/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 1251 "Об утверждении Правил разработки прогноза социально-экономического развития" Күшін жойған Қаулы ·№ 88 ·05.02.2013
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 1251 "Об утверждении Правил разработки прогноза социально-экономического развития"

Күшін жойған Қаулы ·№ 88 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2009 года № 1251 "Об утверждении Правил разработки прогноза социально-экономического развития"
Атауы (қаз.)
"Әлеуметтік-экономикалык даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздагы № 1251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
88
Қабылданған күні
05.02.2013
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI70819_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000088
ЭКБ идентификаторы
70819
Редакция идентификаторы
AI70819_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:48

0 "Әлеуметтік-экономикалык даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздагы № 1251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын эзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесінде:
8-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде);»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі (қосымша түрінде).»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын:
«12-1. Шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
12-2. Шартты қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
15-тармақта:
үшінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау, сондай-ақ шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:»;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін және шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезеңнің" алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі;
4) басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін және шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 ақпандағы
№ 88 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын әзірлеу
ережесіне
3-қосымша
Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі
Р/с

Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­рі­нің ата­уы
Шы­ғы­стар­дың ата­уы
Со­ма­сы, млн. тең­ге
1
2
3
4
Жиы­ны:

Қолданыстағы