О внесении изменений в решение Уалихановского районного маслихата от 27 апреля 2009 года № 16-13 с «Об утверждении базовых ставок земельного налога»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уалихановского районного маслихата от 27 апреля 2009 года № 16-13 с «Об утверждении базовых ставок земельного налога»
- Атауы (қаз.)
- «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11-31c
- Қабылданған күні
- 14.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2018 89874_319493.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SM003251
- ЭКБ идентификаторы
- 89874
- Редакция идентификаторы
- 89874_319493
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:29
0 «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 387 бабының 1, 1-1 тармақтарына, 444 бабының 1 тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 мамырдағы № 13-13-104 тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы «Шұғыла» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1. тармақ келесі редакцияда жазылсын:
1 «1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, сәйкесінше:
1 1) жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері;
3 3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері.
Кодекстің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:
1 1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
Департаментінің Уәлиханов ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекеме басшысы
_______________Ш. Альмурзин
2015 жылғы «14» сәуір