О внесении изменений в решение Уалихановского районного маслихата от 27 апреля 2009 года № 16-13 с «Об утверждении базовых ставок земельного налога»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уалихановского районного маслихата от 27 апреля 2009 года № 16-13 с «Об утверждении базовых ставок земельного налога»
- Атауы (қаз.)
- «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-5с
- Қабылданған күні
- 03.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2018 105924_319499.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SM003882
- ЭКБ идентификаторы
- 105924
- Редакция идентификаторы
- 105924_319499
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:10
0 «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 мамырдағы № 13-13-104 тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы «Шұғыла» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспе мәтіні келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 387 бабыының 1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Уәлиханов ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекеме басшысы
_______________Ш. Альмурзин
2016 жылғы «3» тамыз