О внесении изменения в постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 27 марта 2009 года № 4 "Об утверждении Правил проведения внешнего государственного финансового контроля"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 27 марта 2009 года № 4 "Об утверждении Правил проведения внешнего государственного финансового контроля"
- Атауы (қаз.)
- «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 04.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2011 AI49807_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005984_
- ЭКБ идентификаторы
- 49807
- Редакция идентификаторы
- AI49807_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:50
0 «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5643 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 3 маусымда, № 25 (1679) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесінде:
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Бақылауды жүргізу туралы тапсырмалар «Мемлекеттік құпиялар туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүргізілетін бақылауды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркеліп, ал кейіннен есептен алынуға жатады.».