О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 марта 2009 года № 68 "Об утверждении Правил осуществления операций по одновременной передаче активов и обязательств банка в части либо полном размере по депозитам физических и юридических лиц другому (другим) банку (банкам)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 марта 2009 года № 68 "Об утверждении Правил осуществления операций по одновременной передаче активов и обязательств банка в части либо полном размере по депозитам физических и юридических лиц другому (другим) банку (банкам)"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы N 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 28.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2015 AI48084_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005803_
- ЭКБ идентификаторы
- 48084
- Редакция идентификаторы
- AI48084_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:29
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы N 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 27 наурыздағы N 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5660 тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Заң газеті" газетінде N 80 (1503) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулыда:
тақырыбындағы "Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша" деген сөздер "Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 61-2-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақтағы "Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша" деген сөздер "Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесінде:
тақырыбындағы "Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша" деген сөздер "Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспеде:
", ерекшеліктерін" деген сөз алынып тасталсын;
"жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша" деген сөздер "жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша" деген сөздер "Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"депозиторлардың мүдделерін" деген сөз "банк кредиторлары мен депозиторларының құқығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша "жеке және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын;
"3) Жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдындағы бөлігіндегі не толық мөлшердегі банктің міндеттемелері - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің міндеттемелері.";
3-тармақ "жеке және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақ "Жеке және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
2 "2-тарау. Операцияларды жүзеге асыру тәртібі";
5-тармақтың екінші бөлігі "Жеке және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
8-тармақтың 3) тармақшасы "жеке және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Банк міндеттемелерін беру банк депозиторларының және (немесе) кредиторларының келісімімен жүзеге асырылады. Депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың келісімін алу мақсатында, банк активтерін және міндеттемелерін бөлігінде не толық мөлшерде беру туралы хабарландыруды банк жариялайды. Хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, қарсылықтарды ұсыну мерзімдерін және олар қабылданатын мекен–жайды көрсете отырып, жарияланады.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде депозиторлардың және (немесе) кредиторлардың жазбаша келіспеушіліктерінің болмауы депозитордың және (немесе) кредитордың міндеттемелерді беруге келісімдері ретінде қаралады.
Операцияны жүзеге асыру жөніндегі хабарландыруды жариялауға байланысты шығыстар банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Банк операцияны жүргізу жөніндегі хабарландыруды уәкілетті органмен оны келісілгенде жариялайды.";
12-тармақта:
"депозиторлардың" деген сөзден кейін "және (немесе) кредиторлардың" деген сөздермен толықтырылсын;
"депозиттерін" деген сөз "міндеттемелерін" деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың бірінші бөлігі "Жеке және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Осы Ереженің 11-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, операцияны жүргізумен байланысты шығыстар иеленуші (-лер) банктің (-тердің) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".