О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 декабря 2010 года № 105 «Об утверждении Инструкции по представлению банками второго уровня, Банком Развития Казахстана и ипотечными организациями в Национальный Банк Республики Казахстан сведений для формирования обзора финансового сектора»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 декабря 2010 года № 105 «Об утверждении Инструкции по представлению банками второго уровня, Банком Развития Казахстана и ипотечными организациями в Национальный Банк Республики Казахстан сведений для формирования обзора финансового сектора»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 08.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2016 90294_175454.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011161
- ЭКБ идентификаторы
- 90294
- Редакция идентификаторы
- 90294_175454
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:07
0 Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
«Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстан Даму Банкінің және
ипотекалық ұйымдардың
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне қаржы
секторының шолуын қалыптастыру
үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы»
2010 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 105 қаулысына өзгеріс пен
толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықта:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Нұсқаулықтың 22-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банкке:
1) оннан аспайтын филиалы бар:
күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі екi жұмыс күнiнен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) он және одан көп филиалы бар:
күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнiнен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Бас банк пен Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдаудан өткізілген еншілес банктің арасында активтерді және міндеттемелерді бірмезгілде беру операциясын жүзеге асырған екінші деңгейдегі бас банк мәліметтерді Ұлттық Банкке мынадай мерзімдерде:
1) күнделікті мәліметтерді – есепті күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндеріндегі мәліметтерді қоспағанда);
2) ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.».
2 2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбеталиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;