Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 319-е "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в кадрах"

Бұйрық · № 77-ө-м · қабылданған 07.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2010-no-319/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 319-е "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в кадрах" Күшін жойған Бұйрық ·№ 77-ө-м ·07.03.2012
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 319-е "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в кадрах"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 77-ө-м · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 319-е "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в кадрах"
Атауы (қаз.)
"Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
77-ө-м
Қабылданған күні
07.03.2012
Көрсетілген редакция
29.06.2018 64592_333236.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007531
ЭКБ идентификаторы
64592
Редакция идентификаторы
64592_333236
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:52

0 "Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6553 тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Халықты жұмыспен қамту департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 77-ө-м бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 319-ө бұйрығымен
бекітілген
Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі

1

1. Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу кезінде кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеуге арналған.

2 2. Кадрлардағы жергілікті қамту санаттар бойынша келісім шартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы жергілікті қамтудың пайыздық мәнін айқындау негізінде белгіленеді.

3 3. Қазақстандық кадрлардың пайыздық құрамы мына санаттар бойынша айқындалады:

1 1) бірінші санат - басқарушы құрам;

2 2) екінші санат - жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар;

3 3) үшінші санат - білікті жұмысшылар.

Бірінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың (директор, басқарма және төраға мүшелері) ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кіретін адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметін басқаруды, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) оператор лауазымындағы адамдар (басқарушы, орындаушы, қаржы және коммерциялық директорлары) жатады.
Екінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлімшелерін басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесіне тікелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы білімі және жұмыс дағдысы, тәжірибесі бар қызметкерлер жатады.
Үшінші санатқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125 бабында көзделген білікті талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.

4 4. Тиісті санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:

h = VKC х 100%
Vo
мұндағы
- VKC - тиісті санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;
- Vo - келісімшартты орындауға жұмылдырылған тиісті санаттағы персоналдың жалпы саны.

Қолданыстағы