О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июля 2010 года № 325 "Об утверждении Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июля 2010 года № 325 "Об утверждении Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел"
- Атауы (қаз.)
- "Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 580
- Қабылданған күні
- 30.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2015 75229_112422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008850
- ЭКБ идентификаторы
- 75229
- Редакция идентификаторы
- 75229_112422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:12
0 "Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 23 тамызда № 6407 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2010 жылғы 25 қарашадағы № 15 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақта:
бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Адамдарды куәландыруды ішкі істер органдары ӘДК дәрігер-мамандары: офтальмолог, отоларинголог, невролог, хирург, терапевт, психиатр, дерматовенеролог, стоматолог, әйелдер үшін қосымша - гинеколог жүргізеді»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ескіру мерзімі 3 айдан көп емес психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы күрес диспансерлерден диспансерлік есепте тұрғаны туралы анықтамалар»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Медициналық куәландыру туралы анықтама ӘДК-де қорытынды шығарылған сәттен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ресiмделедi және медициналық куәландыру актiсiнiң титул парағына белгi (күнi, қолы, тегi анық жазылып, қызметтiк куәлік нөмірі) қойылып, кадр аппаратының қызметкерiне берiледi.
Жарамдылық санаты туралы қорытындылар шығару үшін стационарлық және қосымша тексеру талап етілмейтін жағдайларда құқық қорғау органдарына қызметке түсетін адамдарды куәландыру 5 жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі»;
25-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Күндiзгi оқыту нысанына түсетiн құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары кемінде үш жыл бұрынғы медициналық тексеріс деректері бар амбулаторлық науқастың медициналық картасын ұсынады»;
50-тармақтың үшінші бөлімі алынып тасталсын;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
65. Талаптардың қызметке жарамдылықты жеке бағалауды көздейтін тармақтары бойынша куәландырушы құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ӘДК мына тұжырымдардың бірінде қорытынды шығарады:
1) «бейбіт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында бірінші дәрежелі шектеулі жарамды»;
2) «бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында екінші дәрежелі шектеулі жарамды».
«Егер құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары бірін-бірі ауырлататын (Талаптардың үш және одан көп қосымшалары негізінде), қызметке жарамдылығы «Жеке тәртіппен» санатын көздейтін бірнеше ауру анықталған жағдайда, ӘДК аурулардың жиынтығы бойынша «бейбіт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында жарамдылығы бірінші сатыдағы шектеулі» қорытындысын шығарады»;
142-тармақтың жетінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық куәландыру туралы анықтама қорытынды отырыстар хаттамаларын тіркеу кітабында тіркелген күннен бастап ӘДК-де 3 жұмыс күні мерзімінде ресімделеді және құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдары мен құқық қорғау органдарына қызметке түсетіндер үшін 6 ай ішінде жарамды»;
145-тармақ алынып тасталсын.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Н.Қ. Нұрғазин) жүктелсін.
3 3. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Тыл департаменті (Н.Қ. Нұрғазин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_________________ С. Қайырбекова