Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июля 2010 года № 325 "Об утверждении Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел"

Бұйрық · № 601 · қабылданған 10.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2010-no-325/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июля 2010 года № 325 "Об утверждении Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел" Күшін жойған Бұйрық ·№ 601 ·10.09.2014
18.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июля 2010 года № 325 "Об утверждении Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 601 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июля 2010 года № 325 "Об утверждении Инструкции по проведению военно-врачебной экспертизы в органах внутренних дел"
Атауы (қаз.)
"Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
601
Қабылданған күні
10.09.2014
Көрсетілген редакция
18.11.2015 AI83947_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14C0009813
ЭКБ идентификаторы
83947
Редакция идентификаторы
AI83947_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:38

0 "Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық, атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдарының 2010 жылғы 25 қарашадағы № 15 нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақта:
он төртінші, он бесінші, он алтыншы бөліктер алынып тасталсын;
он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсынылмайды» деген қорытынды:
жеке ерекшеліктері тіпті сапалы кәсіптік даярлығы және қызметке деген жоғары мотивациясы болған кездің өзінде ұдайы шамадан тыс жүктеменің болуынан функционалдық резервтерінің тез түгесілуіне байланысты көзделген лауазымдағы немесе оқудағы қызметтік табысын сенімді болжауға мүмкіндік бермейтін адамдарға;
аурулардың дамуының жоғары ықтималдылығымен айқын дезадаптация белгілері, қызметке немесе оқуға қанағаттанарлықсыз мотивациясы, жеке басының теріс ерекшеліктері, мінез-құлықтың әлеуметке жат нысандары бар адамдарға;
кәсіби маңызды психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерінің деңгейі төмен, функциялық жүйелерінің резервтері төмендеген адамдарға қатысты шығарылады.».

2 2. Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Н.Қ. Нұрғазин) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2014 жылғы 10 қыркүйек

Қолданыстағы