О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 27 января 2010 года № 7/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2010 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 27 января 2010 года № 7/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2010 год"
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/2
- Қабылданған күні
- 26.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2014 51228_214018.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PI000108
- ЭКБ идентификаторы
- 51228
- Редакция идентификаторы
- 51228_214018
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:54
0 Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, аудандық мәслихаттың (IV сайланған, кезектен тыс XVІІI сессиясы) 2010 жылғы 11 ақпандағы "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санатын бекіту туралы" № 5/16 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 2/18 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 7/1 (нормативті-құқықытық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде № 12-9-104 болып тіркелген. 2010 жылғы 18 ақпанда "Аққу үні" газетінің № 14 санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ келесі мазмұндағы 36), 37), 38) – тармақшаларымен толықтырылсын:
36) 1 жасқа дейінгі нәрестелер;
37) үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балалар;
38) Ұлы Отан соғысына қатысқанның отбасынан өкілдер (А. Баймульдин).
2-тармақ келесі мазмұндағы 30), 31), 32) – тармақшаларымен толықтырылсын:
30) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – балалар тамағын сатып алуға ай сайынғы материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, аурухананың балалар тамағы қажеттігі туралы анықтамасы;
31) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – компьютерлік құрал сатып алуға бірреттік материалдық көмек төлеуге – ата-ананың (қамқоршы, қорғаушы) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, облыстық психология-медикалы-педагогикалық консультация қорытындысы;
32) 1-тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – Псков облысына баруға бірреттік материалдық көмек төлеуге – "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, екі жаққа қолданылған жол билеттері.
3-тармақ келесі мазмұндағы 33), 34), 35) – тармақшаларымен толықтырылсын:
33) 1-тармақтың 36)-тармақшасында көрсетілген санатқа – ай сайынғы материалдық көмек 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде;
34) 1-тармақтың 37)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек 80000 теңге көлемінде;
35) 1-тармақтың 38)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бірреттік материалдық көмек екі жаққа қолданылған жол билеттерінің нақты құнының көлемінде;
3-тармақтың 29)-тармақшасындағы "3500 теңге" сөзі "3 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)" сөзімен ауыстырылсын.