О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 27 января 2010 года № 7/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2010 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 27 января 2010 года № 7/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан Лебяжинского района на 2010 год"
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 163/6
- Қабылданған күні
- 28.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2014 53788_213856.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PI000116
- ЭКБ идентификаторы
- 53788
- Редакция идентификаторы
- 53788_213856
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:53
0 Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, аудандық мәслихаттың (ІV сайланған, кезектен тыс XXI сессиясы) 2010 жылғы 17 маусымдағы Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 жылы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санатын бекіту туралы" № 5/16 шешіміне толықтырулар енгізу туралы № 4/21 шешіміне сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Лебяжі ауданының жекелеген санаттағы азаматтарына 2010 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 7/1 (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде № 12-9-104 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 ақпанда "Аққу үні" газетінің № 14 санында жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 1)–тармақшасында:
Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
канализация жүйесінен су жиынын шығару нақты құнының көлемінде;
3-тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 14), 23), 24), 25), 32) – тармақшаларында көрсетілген санатқа "Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде";
3-тармақтың 9)–тармақшасында хирург-дәрігеріне жеке ауласын дамытуға бір реттік материалдық көмек 200000 теңге көлемінде;
1-тармақ келесі мазмұндағы 39), 40) тармақшаларымен толықтырылсын:
39) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
40) жетім балалар;
2-тармақ келесі мазмұндағы 33), 34) тармақшаларымен толықтырылсын:
33) 1-тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген санатқа - Астана қаласына баруға және экскурсияға бір реттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, статусын растайтын құжаттың көшірмесі;
34) 1-тармақтың 40)-тармақшасында көрсетілген санатқа – бір реттік материалдық көмек төлеуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошталық бөлімшесінде ашылған жеке шот нөмірі көрсетілген (қамқоршы) өтініші, жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік көшірмесі;
3-тармақтың 3)-тармақшасында "10000" саны "25000" санымен ауыстырылсын;
3-тармақтың 7)-тармақшасы келесі мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
Жеңіс күніне арналған бір реттік материалдық көмек 10000 теңге көлемінде;
3-тармақ келесі мазмұндағы 36), 37) тармақшаларымен толықтырылсын:
36) 1-тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген санатқа - бір реттік материалдық көмек 15000 теңге көлемінде;
37) 1-тармақтың 40) тармақшасында көрсетілген санатқа - бір реттік материалдық көмек 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде.