Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 27 апреля 2010 года № 976 "Об утверждении Правил подготовки, согласования и представления на рассмотрение Президенту Республики Казахстан проекта послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, подготовки, согласования и представления на подпись проектов актов и поручений Президента Республики Казахстан, реализации послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, осуществления контроля за исполнением актов

Жарлық · № 402 · қабылданған 30.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2010-no-976-ekb-108692/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 27 апреля 2010 года № 976 "Об утверждении Правил подготовки, согласования и представления на рассмотрение Президенту Республики Казахстан проекта послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, подготовки, согласования и представления на подпись проектов актов и поручений Президента Республики Казахстан, реализации послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, осуществления контроля за исполнением актов Қолданыста Жарлық ·№ 402 ·30.12.2016
30.12.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 27 апреля 2010 года № 976 "Об утверждении Правил подготовки, согласования и представления на рассмотрение Президенту Республики Казахстан проекта послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, подготовки, согласования и представления на подпись проектов актов и поручений Президента Республики Казахстан, реализации послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, осуществления контроля за исполнением актов

Қолданыста Жарлық ·№ 402 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 27 апреля 2010 года № 976 "Об утверждении Правил подготовки, согласования и представления на рассмотрение Президенту Республики Казахстан проекта послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, подготовки, согласования и представления на подпись проектов актов и поручений Президента Республики Казахстан, реализации послания Президента Республики Казахстан к народу Казахстана, осуществления контроля за исполнением актов
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
402
Қабылданған күні
30.12.2016
Көрсетілген редакция
30.12.2016 AI108692_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1600000402
ЭКБ идентификаторы
108692
Редакция идентификаторы
AI108692_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:30

0

"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар - Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары мен мемлекеттік бағдарламалар.";
16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасы Президентінің стратегияларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте, дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамалар мен доктриналарды бекіту туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.";
28-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) елдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін;";
47-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47-2. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылау, сондай-ақ жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу мониторингі арқылы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
1) жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жеке тармақтарын орындауға жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынады;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақталған ақпаратты Үкіметке жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін ұсынады;
3) Үкімет жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жинақталған ақпарат қаралғаннан кейін оны Президент Әкімшілігіне жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынады.
Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат осы Жарлыққа 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады;
4) Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде беріледі.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.";
Қағидаларға 1-3-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 2-қосымшаның сілтемесі мынадай редакцияда жазылсын:
"*Іс-шаралар жоспарын жасауды немесе құкықтық акт шығаруды талап етпейтін жедел сипаттағы тапсырмалардан, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардан басқа".

2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы АҚПАРАТ

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің
2016 жы­л­ғы 30 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 402 Жар­лы­ғы­на
ҚО­СЫМ­ША
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің
Қа­зақ­стан хал­қы­на жол­да­уы­ның
жо­ба­сын дай­ын­дау, ке­лі­су және
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің қа­ра­уы­на ұсы­ну,
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің
ак­ті­ле­рі мен тап­сыр­ма­ла­ры­ның
жо­ба­ла­рын дай­ын­дау, ке­лі­су,
қол қо­ю­ға ұсы­ну, Қа­зақ­стан
Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің Қа­зақ­стан
хал­қы­на жол­да­уын
іс­ке асы­ру, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің ак­ті­ле­рі мен
тап­сыр­ма­ла­ры­ның орын­да­луын
ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру және
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің
нор­ма­тив­тік құқық­тық жар­лық­та­ры­на
мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на
1-3-ҚО­СЫМ­ША
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы АҚПАРАТ
Р/с №
Жос­пар тар­ма­ғы­ның №
Іс-ша­ра­ның ата­уы
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар
Орын­да­лу мер­зі­мі
Қа­был­дан­ған ша­ра­лар және қол жет­кі­зі­л­ген нәти­же­лер
Тар­мақ­ты іс­ке асы­ру бой­ын­ша жа­қын ара­да­ғы пер­спек­ти­ва­ға ар­нал­ған іс-қи­мыл жос­па­ры
Орын­да­лу ба­ры­сын ба­ға­лау және кей­ін­гі ба­қы­лау бой­ын­ша ұсы­ны­стар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
2.
...

Қолданыстағы