Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 октября 2011 года № 1211 "О вопросах субсидирования государственных театров, музеев, концертных и культурно-досуговых организаций"

Қаулы · № 1467 · қабылданған 31.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2011-no-1211/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 октября 2011 года № 1211 "О вопросах субсидирования государственных театров, музеев, концертных и культурно-досуговых организаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 1467 ·31.12.2013
31.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 октября 2011 года № 1211 "О вопросах субсидирования государственных театров, музеев, концертных и культурно-досуговых организаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1467 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 октября 2011 года № 1211 "О вопросах субсидирования государственных театров, музеев, концертных и культурно-досуговых организаций"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттiк театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1467
Қабылданған күні
31.12.2013
Көрсетілген редакция
31.05.2016 AI76422_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001467
ЭКБ идентификаторы
76422
Редакция идентификаторы
AI76422_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:10

0 "Мемлекеттiк театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. «Мемлекеттiк театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 823-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғындар үшiн театр, мәдени-демалыс және концерт iс-шараларына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнердi насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, мәдени-демалыс және концерт ұйымдарының залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.

4

4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

4-1

«4-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу бюджеттердi атқару жөнiндегi облыстық, жергілікті уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың шығындарын өтеуге бөлінеді.»;

8 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8 «8. Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.»;

көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу қағидаларында:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлуді бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.

4

4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидиялар бөлу бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

4-1

«4-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу бюджеттердi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi орган бекiтетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың залалын өтеуге бөлінеді.»;

8 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8 «8. Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорықтардың жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.»;

көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.

1 Республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1467 қаулысына
1-қосымша
Тұрғындар үшiн театр, мәдени-
демалыс және концерт iс-шараларына
қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету
жөнiндегi қызметтердi көрсетуге,
классикалық, халықтық, музыкалық
және хореографиялық өнердi
насихаттауға байланысты залалды
жабуға бюджеттiк субсидиялар бөлу
қағидаларына
4-қосымша
Республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың тізбесі
Р/с

Ұй­ым­дар ата­уы
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен суб­си­дия %
1
2
3
1
«Аста­на Опе­ра» мем­ле­кет­тік опе­ра және ба­лет те­ат­ры» КАҚ
80 %
2
«Күл­әш Бай­сей­iто­ва атын­да­ғы Ұлт­тық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» РМҚК
90 %
3
«Абай атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» РМҚК
85 %
4
«М. Әу­е­зов атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық дра­ма те­ат­ры» РМҚК
85 %
5
«М. Лер­мон­тов атын­да­ғы Мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық орыс дра­ма те­ат­ры» РМҚК
80 %
6
«Ғ. Мүсiре­пов атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық ба­ла­лар мен жа­сө­спiрiм­дер те­ат­ры» РМҚК
85 %
7
«Н. Сац атын­да­ғы Орыс мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық ба­ла­лар мен жа­сө­спiрiм­дер те­ат­ры» РМҚК
90 %
8
«Рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк ко­рей му­зы­ка­лық ко­ме­дия те­ат­ры» РМҚК
95 %
9
«Құдыс Қо­жа­ми­я­ров атын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тiк ұй­ғыр му­зы­ка­лық ко­ме­дия те­ат­ры» РМҚК
95 %
10
«Рес­пуб­ли­ка­лық немiс дра­ма те­ат­ры» РМҚК
95 %
11
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Сал­та­нат» мем­ле­кет­тiк би ан­сам­блi» РМҚК
90 %
12
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық би те­ат­ры» РМҚК
95 %
13
«Жам­был атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк фи­лар­мо­ни­я­сы» РМҚК
90 %
14
«Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тiк ака­де­ми­я­лық ха­лық ас­пап­тар ор­кест­рi» РМҚК
90 %
15
«Қа­зақ­стан Ка­ме­ра­та­сы» клас­си­ка­лық му­зы­ка ан­сам­блi» РМҚК
95 %
16
«Ақ жа­уын» мем­ле­кет­тiк ка­ме­ра­лық ор­кест­рi» РМҚК
95 %
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
КАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

2 Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорық-мұражайлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1467 қаулысына
2-қосымша
Тарихи-мәдени құндылықтардың
сақталуын, есепке алынуын,
жинақталуын және
реставрациялануын қамтамасыз етуге
байланысты залалды жабуға
бюджеттiк субсидиялар
бөлу қағидаларына
4-қосымша
Республикалық мұражайлар мен тарихи-мәдени қорық-мұражайлардың тізбесі
Р/с

Ұй­ым­дар ата­уы
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен суб­си­дия %
1
2
3
1
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк ор­та­лық мұ­ра­жайы» РМҚК
90 %
2
«Ә. Қа­сте­ев атын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк өнер мұ­ра­жайы» РМҚК
90 %
3
«Си­рек кез­де­сетiн қи­яқ­ты саз ас­пап­та­ры­ның мем­ле­кет­тiк кол­лек­ци­я­сы» РМҚК
92 %
4
«Рес­пуб­ли­ка­лық кiтап мұ­ра­жайы» РМҚК
98 %
5
«Ор­даб­а­сы» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни қо­ры­ғы» РМҚК
98 %
6
«Бе­рел» мем­ле­кет­тiк та­ри­хи-мә­де­ни қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
98 %
7
«Есiк» мем­ле­кет­тiк та­ри­хи-мә­де­ни қо­рық-мұ­ра­жайы» РМҚК
98 %
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Қолданыстағы