Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"

Бұйрық · № 220 · қабылданған 02.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2011-no-246-ekb-72464/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 220 ·02.04.2013
13.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 220 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
220
Қабылданған күні
02.04.2013
Көрсетілген редакция
13.05.2016 AI72464_4.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008442
ЭКБ идентификаторы
72464
Редакция идентификаторы
AI72464_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:21

0 "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада № 31 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және зерделеу жөніндегі нұсқаулықта:
3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Білім беру ұйымы:
1) тыңдаушыны (курсантты) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім алу жағдайларымен қамтамасыз етуге;
2) тыңдаушыға (курсантқа) ай сайын оған тиесілі лауазымдық жалақы (стипендия) төлеуге;
3) тыңдаушыны (курсантты) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тиесілік нормалары бойынша нысанды және арнайы киім-кешекпен тегін қамтамасыз етуге;
4) нормативтік актілермен белгіленген оқу жағдайларын жасауға және тыңдаушыны (курсантты) қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге;
5) тыңдаушыны (курсантты) заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тыңдаушыға (курсантқа) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты келтірілген зиянды өтеуге;
7) тыңдаушының (курсанттың) оқу кезеңдерін растайтын құжаттарды және жинақтау зейнетақы қорындағы оның шотына ақша аудару туралы мәліметтерді мемлекеттік мұрағатқа тапсыруға;
8) әскери билетінің (тіркеу куәлігінің), сондай-ақ еңбек кітапшасының сақталуын қамтамасыз етуге және оған қажетті жазбалар енгізуге;
9) тыңдаушының (курсанттың) жеке ісіне оның оқуына жұмсалған шығын туралы анықтаманы тіркеуге;
10) тыңдаушыны (курсантты) аумақтық ішкі істер департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің тапсырыстарына сәйкес ішкі істер органдарының бөліністеріне бөлуге;
11) ерекше жағдайлар: _________________________________________
(білім беру ұйымының қосымша міндеттемелері
көрсету немесе сызба жасау)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ міндетті.
4. Тыңдаушы (курсант):
1) осы келісім-шартты заңнамада белгіленген тәртіппен өзгертуге және бұзуға;
2) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқу, тұру және медициналық қамтамасыз ету жағдайларына;
3) қызметтік міндеттерін орындаумен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне;
4) қолданыстағы заңнамада көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды алуға
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кепілдіктер мен өтемақылардың қосымша түрлерін көрсету)
5) өз қаражаты есебінен кәсіби біліктілігін арттыруға;
6) егер ол оқуды үздік бітірсе, аумақтық ішкі істер департаменттерінде, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде қызмет орнын таңдауға құқылы.»;
5-тармақтың 9), 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ішкі істер органдарының тиісті бөлінісінде кемінде 5 жыл қызмет өткеруге және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының бітірушілерін дербес бөлу хаттамасына сәйкес бөлінген жерге 5 жұмыс күні ішінде келуге;»;
10) тыңдаушы (курсант) үлгермеушілігі, тәртіпсіздігі, өз еркі бойынша оқудан шығарылған, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда стипендия төлеуге, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әр толық айға тең есептеледі;
11) тыңдаушы (курсант) оқу орнын бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында қызмет өткеруден бас тартқан немесе «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша келісім-шартты бұзған жағдайда стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануы мен заттай үлесіне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома келісім-шарт мерзімінің аяқталуына дейін қалған қызмет етпеген әрбір толық айға тең есептеледі.
Тыңдаушының (курсанттың) кінәсінен жоғалған немесе бүлінген мүлік (қару, арнайы техника) үшін ол азаматтық заңнамаға сәйкес шығынды өтейді.»;
9-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:

1

1) «Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1364 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2001 жылғы ақпанда № 2 жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасының Ішкіісмині оқу орындарының бітірушілерін дербес бөлу және жас мамандармен жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 желтоқсандағы № 692 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 184 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4223 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және мерзімдік баспа басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы