Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"

Бұйрық · № 931 · қабылданған 24.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2011-no-246-ekb-86369/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан" Қолданыста Бұйрық ·№ 931 ·24.12.2014
24.12.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"

Қолданыста Бұйрық ·№ 931 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 мая 2011 года № 246 "Некоторые вопросы прохождения службы в органах внутренних дел Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
931
Қабылданған күні
24.12.2014
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI86369_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14C0010182
ЭКБ идентификаторы
86369
Редакция идентификаторы
AI86369_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:20

0 "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 21-тармағы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының № 31 актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер органдарынан шығару қағидасында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметтен босатылған қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар қызметтік куәлігін және кию мерзімі бітпеген нысанды киімін тапсырады.
Ішкі істер органдарындағы қызметте он бес және одан көп жыл еңбек сіңірген, жасы, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқаруы бойынша ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шығарылған, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақат алған және қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлер салтанатты және салтанатты-шығу нысанды киімді тапсырудан босатылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (А.І. Балтағұлов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;

2 2) бекітілген тәртіпте осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің бастықтары, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары және дербес бөліністерінің бастықтары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Тыл департаментіне (А.І. Балтағұлов) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы