Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2011 года № 36 "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в товарах, работах и услугах при проведении операций по недропользованию, включаемого в условия конкурса на предоставление права недропользования"

Қаулы · № 1028 · қабылданған 07.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2011-no-36/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2011 года № 36 "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в товарах, работах и услугах при проведении операций по недропользованию, включаемого в условия конкурса на предоставление права недропользования" Күшін жойған Қаулы ·№ 1028 ·07.08.2012
25.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2011 года № 36 "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в товарах, работах и услугах при проведении операций по недропользованию, включаемого в условия конкурса на предоставление права недропользования"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1028 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2011 года № 36 "Об утверждении Правил исчисления минимального казахстанского содержания в товарах, работах и услугах при проведении операций по недропользованию, включаемого в условия конкурса на предоставление права недропользования"
Атауы (қаз.)
"Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз қазақстандық қамтуды есептеу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1028
Қабылданған күні
07.08.2012
Көрсетілген редакция
25.12.2015 AI67048_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001028
ЭКБ идентификаторы
67048
Редакция идентификаторы
AI67048_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:38

0

"Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз қазақстандық қамтуды есептеу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз қазақстандық қамтуды есептеу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 36 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 15, 179-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидаларын бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз қазақстандық қамтуды есептеу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 7 тамыздағы
№ 1028 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 27 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекiтiлген
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген және жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртiбiн айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда Заңда белгiленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғым пайдаланылады:

пайдалы қазбалар тобы - қатты пайдалы қазбалар, көмiрсутектi шикiзат және жалпы таралған пайдалы қазбалар.

2 2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртiбi

3

3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеудi жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзу кезiнде құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

4

4. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды есептеу үшiн пайдалы қазбалар топтары бойынша бөлiнген жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзілетін жылдың алдындағы жылға жұмыс iстеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларындағы, жұмыстарындағы және қызметтерiндегi жергілікті қамтудың нақты үлесi бойынша деректердi пайдаланады.

5 5. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды мынадай формула бойынша есептейдi:

мұндағы:
МСmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына негiзделетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамту;
Pi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының тауарларды немесе жұмыстарды және қызметтердi сатып алу көлемi, мың теңге;
МСi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының тауарларындағы немесе жұмысындағы және қызметiндегi жергілікті қамтудың нақты үлесi;
n - есептеуде пайдаланылатын жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны.

6 6. Жергiлiктi атқарушы орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегi ең аз жергілікті қамтуды мынадай формула бойынша есептейдi:

тауарлар бойынша:
МСmin = Рtotal х 0,16
жұмыстар мен қызметтер бойынша:
МСmin = Рtotal х 0,85
мұндағы:
МСmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына негiзделетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамту, мың теңге;
Рtotal - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының тауарларды немесе жұмыстарды және қызметтердi сатып алуының жалпы көлемi, мың теңге.

7

7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс жүргiзу жөнiндегi комиссия Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жер қойнауын пайдалануға құқық беруге конкурс жүргiзу өтпедi деп таныған кезде, Заңның 47-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген барлық ұсынылған конкурстық ұсынымдардың сәйкес келмеу себебi бойынша құзыреттi орган немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Заңның 54-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртiппен осы Қағидаларда көзделген тәртiппен есептелген тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегi ең аз жергілікті қамту мөлшерін жиырма бес пайызға азайту бөлiгiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы.

Қолданыстағы