О внесении изменений и дополнения в решение Актауского городского маслихата от 27 апреля 2011 года № 42/385 «Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в городе Актау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Актауского городского маслихата от 27 апреля 2011 года № 42/385 «Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в городе Актау»
- Атауы (қаз.)
- Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 42/385 «Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үїшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/252
- Қабылданған күні
- 26.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2020 129479_463541.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19MA003833
- ЭКБ идентификаторы
- 129479
- Редакция идентификаторы
- 129479_463541
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:59
0 Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 42/385 «Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-156 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 маусымдағы «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы»;
кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546 бабына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:»;
мемлекеттік тіліндегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.»;
қосымшада:
мемлекеттік тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері»;
келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 7 жолмен толықтырылсын:
«
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
әрбір айырбастау пунктіне
30
».
2 2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет
департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.