О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 27 декабря 2011 года № 538/77-IV «О Правилах общего водопользования на водных объектах города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 27 декабря 2011 года № 538/77-IV «О Правилах общего водопользования на водных объектах города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV шешiмiне өзгерiс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 384/54-V
- Қабылданған күні
- 24.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2017 92245_290371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15AAZ00928
- ЭКБ идентификаторы
- 92245
- Редакция идентификаторы
- 92245_290371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:25
0 «Астана қаласының су
объектілерінде ортақ су
пайдалану қағидасы туралы»
Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 538/77-IV шешiмiне өзгерiс
енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қаңтарда № 711 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қаңтардағы «Астана ақшамы» газетінің 9-нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 9-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Мемлекеттің қауіпсіздігі және еліміздің қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұраларды, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа тұлғалардың заңды және құқықтық мүдделерін қорғау мақсатында жеке су объектілері мен олардың бөліктері пайдалануға шектелуі, тоқтатылуы және тыйым салынуы мүмкін. Су объектілерін ауыл шаруашылығы мұқтажына пайдалану жалпы және арнайы су пайдалану тәртібімен Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: