Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2011 года № 716 "Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа"

Қаулы · № 230 · қабылданған 12.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2011-no-716/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2011 года № 716 "Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа" Күшін жойған Қаулы ·№ 230 ·12.03.2014
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2011 года № 716 "Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа"

Күшін жойған Қаулы ·№ 230 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2011 года № 716 "Об утверждении Типового договора организации регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа"
Атауы (қаз.)
"Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
230
Қабылданған күні
12.03.2014
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI78071_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000230
ЭКБ идентификаторы
78071
Редакция идентификаторы
AI78071_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:30

0 "Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 573-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартында:
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шарттың мәні:
1.1. Ұйымдастырушы жалпы пайдаланымдағы тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығын береді, ал тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша тасымалдарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді қабылдайды.

Марш­рут нө­мiрi
Марш­рут­тың ата­уы
Жұ­мыс іс­тей­тін ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар, трол­лей­бу­стар са­ны
»;
2.1.3-тармақша алынып тасталсын:
2.1.6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1.6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде – өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін электронды түрде сатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыруға.»;
2.1.10, 2.1.11 және 2.1.12-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1.10. Тасымалдау үшiн автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың осы шартта көзделген санын және типiн (класын) пайдалануға.
2.1.11. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс кестесін сақтауға.
2.1.12. Белгiленген талаптарға сәйкес автобустарда, троллейбустарда, шағын автобустарда маршруттар көрсеткiштерiнiң, салондарда – жолаушылар үшiн қажеттi ақпарат тiзбесiнiң болуын қамтамасыз етуге.»;
мынадай мазмұндағы 2.1.13., 2.1.14. және 2.1.15-тармақшалармен толықтырылсын:
«2.1.13. Автокөлік құралдарын шұғыл ден қоятын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықтауға.
2.1.14. Тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпарат бере отырып, автокөлік құралдарын қозғалыс жылдамдығы, маршрутының және кестесінің сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен жабдықтауға.
2.1.15. Ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.»;
2.2.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.2.2. Автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың белгіленген қозғалыс кестесiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1. Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар
2-1.1. Тасымалдаушы екі жылдан аспайтын уақыт өткен соң маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес жаңартуға міндетті.»;
4.1-тармақта:
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттің орындалмауына байланысты тасымалдаушының кiнәсiнен адам өлiмi орын алған жол-көлiк оқиғаларының (ЖКО) болуы;
осы шарттың 2.1.1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды маршрутта бір жылда үш және одан көп рет пайдалану;»;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«жүргiзушiнiң (жүргізушілердің) кiнәсiнен бір маршрутта адам өлiмi болған жол-көлiк оқиғасының (ЖКО) бір жыл ішінде үш және одан көп рет болуы;
осы шарттың 2-1.1-тармағының талаптарын орындамау болып табылады.»;
5.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5.2. Кестелер, маршруттар бойынша қозғалыстың және тарифтiк кестенің схемалары, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың типi (класы) мен саны осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке қосымшада келтiрiледi.
Егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген тариф тасымалдау, сондай-ақ жолаушылар мен багажды жеңiлдiкті шарттарда немесе тегiн тасымалдау шығындарын жаппаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартта тасымалдаушыға өтем төлеу мөлшерi мен мерзiмдерi көзделеді.»;
мынадай мазмұндағы 5.8-тармақпен толықтырылсын:
«5.8. Осы үлгі шарттың 2.1-тармағының 2.1.13. және 2.1.14-тармақшаларының талаптары 2015 жылдағы 1 қаңтардан бастап жасалатын шарттарға қатысты қолданысқа енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 6.2-тармақпен толықтырылсын:
«6.2. Осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту кезінде шарттың қолданылуы 10 жылға ұзартылады.»;
көрсетілген жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту бойынша кесте

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 230 қаулысына
1-қосымша
Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына
1-қосымша
Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту бойынша кесте
Ав­то­бу­стар­ды, ша­ғын ав­то­бу­стар­ды, трол­лей­бу­стар­ды пай­да­ла­ну мер­зі­мі
Ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар, трол­лей­бу­стар са­ны*
2-3
4-6
7-10
11-15
16-25
26-50
51 және одан көп
7 жы­л­ға дей­ін
+
+
+
+
+
+
+
7 жыл­дан 12 жы­л­ға дей­ін
50%
25%
20%
20%
20%
20%
20%
12 жыл­дан 15 жы­л­ға дей­ін
-
25%
25%
25%
24%
22%
21%
15 жыл­дан астам
-
-
-
4%
6%
10%
15%
«+» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды,
троллейбустарды пайдалануға рұқсат етіледі;
«-» - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды,
троллейбустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
* - автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың жалпы
санынан белгіленген пайыздық мәндегі автобустардың, шағын
автобустардың, троллейбустардың санын анықтаған кезде мәні 0,5 және
одан көп болса, саны ұлғаю жағына қарай анықталады (1 автобус, шағын
автобус, троллейбус).

2 Маршрут пен тарифтiк кесте бойынша кестелерде, қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) және саны жөніндегі ақпарат

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 230 қаулысына
2-қосымша
Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына
2-қосымша
Маршрут пен тарифтiк кесте бойынша кестелерде, қозғалыс схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) және саны жөніндегі ақпарат

1 1. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың кестелерінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1 1) маршруттың атауы;

2 2) аялдама пункттерінің атауы;

3 3) аялдама пункттерінің бір-бірімен арақашықтығы;

4 4) рейс бойынша келу, тоқтап тұру, жөнелу, жүру уақыты, орташа жүру жылдамдығы бойынша бір бағытта және кері бөлу;

5 5) жылдық, тоқсандық, айлық, апталық немесе күндік өлшемдегі маршрутты жүзеге асыру мерзімділігі;

6 6) тасымалдаушының атауы;

7 7) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

2 2. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс сызбаларында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1 1) маршруттың атауы;

2 2) аялдама пункттердің атауы;

3 3) тасымалдаушының атауы;

4 4) қауіпті учаскелер және олардың сипаттамасы;

5 5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

3 3. Тарифтiк кестеде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

1 1) маршруттың атауы;

2 2) аялдама пункттердің атауы;

3 3) тасымалдаушының атауы;

4 4) жолаушылардың жол жүру, багажды алып жүру және жолаушылардың жеңілдетілген жол жүру құны;

5 5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

4 4. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) бойынша ақпарат:

1 1) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың мемлекеттік нөмірі;

2 2) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың типi (класы);

3 3) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың шығарылған жылы;

4 4) автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың саны.

Қолданыстағы