Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Кызылорда от 27 марта 2012 года N 3384 "Об оказании единовременной материальной помощи"

Қаулы · № 3608 · қабылданған 17.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2012-n-3384/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Кызылорда от 27 марта 2012 года N 3384 "Об оказании единовременной материальной помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 3608 ·17.05.2012
23.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Кызылорда от 27 марта 2012 года N 3384 "Об оказании единовременной материальной помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 3608 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Кызылорда от 27 марта 2012 года N 3384 "Об оказании единовременной материальной помощи"
Атауы (қаз.)
"Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3608
Қабылданған күні
17.05.2012
Көрсетілген редакция
23.11.2012 65852_193934.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12LA000213
ЭКБ идентификаторы
65852
Редакция идентификаторы
65852_193934
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:14

0 "Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы N 3384 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылдың 17 сәуірдегі 10-1-208 нөмірімен тіркелген, қалалық "Кызылорда Таймс" газетінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 16 және "Ақмешіт апталығы" газетінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 17 шығарылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 49000 (қырық тоғыз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек 2012 жылдың 15 маусымына дейін берілсін".
аталған қаулының 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.

2 2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бастығы А.Алдажаров) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Ж.Шынтасовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы