Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 27 ноября 2012 года № 12/5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе"

Ереже · № 17/10 · қабылданған 30.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2012-no-125/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 27 ноября 2012 года № 12/5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 17/10 ·30.04.2013
18.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 27 ноября 2012 года № 12/5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 17/10 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 27 ноября 2012 года № 12/5 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе"
Атауы (қаз.)
Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 "Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17/10
Қабылданған күні
30.04.2013
Көрсетілген редакция
18.03.2014 72856_187353.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BK003755
ЭКБ идентификаторы
72856
Редакция идентификаторы
72856_187353
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:09

0 Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 "Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3562 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтарда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы»;
шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.»;
Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы»;
кіріспе бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) осы тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленген және Есіл ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін және тәртібін белгілейді.»;
1 тармақтың 1 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) келесі төлемдер бойынша шығындарды өтеу үшін көрсетіледі:»;
12 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«12. Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы, өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов

Қолданыстағы